Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Cұлулық - сұмдық күш!

Cұлулық - сұмдық күш!

Сұлулық деген не? Мұны әлемдегі ең көкейтесті сұрақтардың бірі әрі бірегейі деуге болады. Бір қызығы, талайларды шулатқан осы сауалдың жауабы да айдан анық. Шынайы сұлулық дегеніміз - жан сұлулығы мен тән сұлулығының үйлесімі.

Білесіз бе, жоғарыдағы қарапайым қағиданы немесе ережені қабылдамайтындар Жер бетінде бар екен. Даулы сұраққа нүктенің қойылмай келе жатқандығына себепкер болған - осы адамдар шығар...

Химба (Намибия) тайпасы

Химба тайпасының тұрмыс құрмаған бойжеткендері үшін сұлулық - бетін көлеңкелеп тұратын кекіл екен. Ал шаңырақ көтерген әйел заты денелері мен шаштарына балшықтан жасалған май жағып қана "сұлу" атанады деседі.

Мурси тайпасы

Мурси тайпасының ұғымындағы сұлулық тіпті ең жабайы адамдар үшін жат нәрсе. Олай дейтініміз, тайпа қыздарының жас кезінде астыңғы еріндері кесіледі де, оған ағаш кесінділерді орналастырады.

Ерін тесігі үлкейген сайын кесінділердің де диаметрі үлкейе береді. Қыздың тұрмысқа шығуына жарты жыл қалғанда еріндегі тесікке саздан немесе ағаштан жасалған шағын дөңгелек қойылады. Ерін созылған сайын дөңгелек көлемі үлкейтіледі. Осылайша диамерті 10-12 сантиметрге жеткенше жалғаса береді. Мұндайды жасамауға да болады. Бірақ, "дөңгелек ерінсіз" қыздар мүлде өтпейді немесе олар үшін аз төленеді екен.

Ментаваи тайпасы

Индонезияның Ментаваи тайпасының сұлулығы - үшкір, өткір тістер. Солтүстік Африка мұсылмандары қыздарын да сүндетке отырғызады.

Қытай

Қытайдағы аяқты дәкелеу дәстүрі. Қыз баласы төрт жасқа толғанда оның аяғы міндетті түрде дәкеленуі керек. Бұл аяқтың формасын өзгертіп, түзету үшін жасалынады және өсірмей қояды. Мұндай салтты ұстанатын қытайлықтар үшін сұлулық - аяқтың түзу болуы. Бірақ, бұл азапқа шыдай алатындар бар да, шыдай алмайтындар бар...

Жапония

Жапонияда идеал әйелдің домалақ беті, кішкентай аузы, жіңішке көзі  болуы керек. Сонау ХVІІІ ғасырларда "қара тіс" деген дүние сәнге айналған. Тұрмыс құрған ақсүйек әйелдер құрамында темір бар арнайы бояулармен (Охагуро аталады) тістерін безендіретін болыпты. Бұл - адалдықтың белгісі саналады. Қазір дәстүр ұмыт қалғанымен, оны ұстанатындар ұшырасады екен.

Соломон аралдарының тұрғындары

Соломон аралдарының тұрғындары кез келген әйелдің сұлулығын құртатын - тістер деп санайды. Олардың ұғымында алдыңғы тістері жоқ әйел ғана идеал бола алады. Сондықтан қыз тұрмысқа шығарда нағашысы келіп қалыңдықтың тісін бір талдап отырып таспен сындырып, "сұлуландыру" рәсімін жүзеге асырады. 

Орыстар


Орыстарда еңліксіз, опасыз көшеге шығу - әйел үшін мәдениетсіздік. Сондықтан орыс әйелдері еш қысылмастан кірпіктері мен қастарын сәндей береді.

Ал сіз үшін сұлулық деген не? Әңгімемізге арқау болған тайпалардың таным-түсініктеріне айтарыңыз бар ма?

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

11655 15
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 13 ақпан 2013, 18:55
Пікірлер
+0
13 ақпан 2013, 17:59

Мурси тайпасының салттары сұмдық екен бәрінен :shock:

+0
13 ақпан 2013, 18:03

Соломон аралдарының тұрғындарына аң-таңмын! мен тісімді қалпына келтіре алмай әлек болып жүрсем, сұмдық-ай!! :o

+0
13 ақпан 2013, 18:04

кезінде қытаайдың империя болған кезіндегі мода ғой мынау мен білсем көбіне гейшалар жасаған

+0
13 ақпан 2013, 18:05

мурса тайпасында аузыңды жап деген сөз шығар иә? :lol:

+0
13 ақпан 2013, 18:08

Сондықтан қыз тұрмысқа шығарда нағашысы келіп қалыңдықтың тісін бір талдап отырып таспен сындырып, "сұлуландыру" рәсімін жүзеге асырады. :shock: :shock: :shock: :shock:

+0
13 ақпан 2013, 18:11

таспен сындырып дегені жақсы екен :lol: :lol: :lol:

+0
13 ақпан 2013, 18:27

айбыйиии

+0
13 ақпан 2013, 18:30

Мурси тайпасы! ыыыыыыыыый :?

+0
13 ақпан 2013, 18:49

сұмдық-ай

+0
13 ақпан 2013, 19:06

Ужас.... ! Муси тайпасының қыздарына жаным ашып кетті ғой....! :!: :roll: :? :? :?

+0
13 ақпан 2013, 20:07

Мындаған дәстүрлердің бәрі сұмдық қой ваще.

+0
13 ақпан 2013, 21:28

сұлулық сұмдық күш, расында

+0
14 ақпан 2013, 13:24

tisin sindiru degen jamangoo

+0
15 ақпан 2013, 03:25

мыналар коркынышты сулулыктар екен :lol: :lol: :lol:

+0
18 ақпан 2013, 10:41

бәрінен де Қазағымның қыздары сұлу !!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...