Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

Cұлулық - сұмдық күш!

Cұлулық - сұмдық күш!

Сұлулық деген не? Мұны әлемдегі ең көкейтесті сұрақтардың бірі әрі бірегейі деуге болады. Бір қызығы, талайларды шулатқан осы сауалдың жауабы да айдан анық. Шынайы сұлулық дегеніміз - жан сұлулығы мен тән сұлулығының үйлесімі.

Білесіз бе, жоғарыдағы қарапайым қағиданы немесе ережені қабылдамайтындар Жер бетінде бар екен. Даулы сұраққа нүктенің қойылмай келе жатқандығына себепкер болған - осы адамдар шығар...

Химба (Намибия) тайпасы

Химба тайпасының тұрмыс құрмаған бойжеткендері үшін сұлулық - бетін көлеңкелеп тұратын кекіл екен. Ал шаңырақ көтерген әйел заты денелері мен шаштарына балшықтан жасалған май жағып қана "сұлу" атанады деседі.

Мурси тайпасы

Мурси тайпасының ұғымындағы сұлулық тіпті ең жабайы адамдар үшін жат нәрсе. Олай дейтініміз, тайпа қыздарының жас кезінде астыңғы еріндері кесіледі де, оған ағаш кесінділерді орналастырады.

Ерін тесігі үлкейген сайын кесінділердің де диаметрі үлкейе береді. Қыздың тұрмысқа шығуына жарты жыл қалғанда еріндегі тесікке саздан немесе ағаштан жасалған шағын дөңгелек қойылады. Ерін созылған сайын дөңгелек көлемі үлкейтіледі. Осылайша диамерті 10-12 сантиметрге жеткенше жалғаса береді. Мұндайды жасамауға да болады. Бірақ, "дөңгелек ерінсіз" қыздар мүлде өтпейді немесе олар үшін аз төленеді екен.

Ментаваи тайпасы

Индонезияның Ментаваи тайпасының сұлулығы - үшкір, өткір тістер. Солтүстік Африка мұсылмандары қыздарын да сүндетке отырғызады.

Қытай

Қытайдағы аяқты дәкелеу дәстүрі. Қыз баласы төрт жасқа толғанда оның аяғы міндетті түрде дәкеленуі керек. Бұл аяқтың формасын өзгертіп, түзету үшін жасалынады және өсірмей қояды. Мұндай салтты ұстанатын қытайлықтар үшін сұлулық - аяқтың түзу болуы. Бірақ, бұл азапқа шыдай алатындар бар да, шыдай алмайтындар бар...

Жапония

Жапонияда идеал әйелдің домалақ беті, кішкентай аузы, жіңішке көзі  болуы керек. Сонау ХVІІІ ғасырларда "қара тіс" деген дүние сәнге айналған. Тұрмыс құрған ақсүйек әйелдер құрамында темір бар арнайы бояулармен (Охагуро аталады) тістерін безендіретін болыпты. Бұл - адалдықтың белгісі саналады. Қазір дәстүр ұмыт қалғанымен, оны ұстанатындар ұшырасады екен.

Соломон аралдарының тұрғындары

Соломон аралдарының тұрғындары кез келген әйелдің сұлулығын құртатын - тістер деп санайды. Олардың ұғымында алдыңғы тістері жоқ әйел ғана идеал бола алады. Сондықтан қыз тұрмысқа шығарда нағашысы келіп қалыңдықтың тісін бір талдап отырып таспен сындырып, "сұлуландыру" рәсімін жүзеге асырады. 

Орыстар


Орыстарда еңліксіз, опасыз көшеге шығу - әйел үшін мәдениетсіздік. Сондықтан орыс әйелдері еш қысылмастан кірпіктері мен қастарын сәндей береді.

Ал сіз үшін сұлулық деген не? Әңгімемізге арқау болған тайпалардың таным-түсініктеріне айтарыңыз бар ма?

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

15
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 13 ақпан 2013, 18:55

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.