Испанияда Еуропадағы ең үлкен ойын-сауық кешені салынады

Испанияда Еуропадағы ең үлкен ойын-сауық кешені салынады

Испания астанасы Мадрид қаласының маңынан Еуропадағы ең үлкен ойын-сауық кешегі салынатын болды. Жобаның иесі Las Vegas Sands корпорациясының қожайыны, америкалық миллиардер Шелдон Адельсон. EuroVegas деп аталатын кешендегі казинолар мен ойын-сауық орталықтарының жалпы құны 9,8 миллиард еуроны құрайды. Құрылыс аяқталысымен, онда мыңнан аса жұмыс орны пайда болмақ. 

1

2

3

Las Vegas Sands жобасы бойынша, нысанның алғашқы жұмыстары 2017 жылы аяқталмақ. Ол жерде 3 мың нөмірлі отель және ойын орталықтары орын тебеді. EuroVegas жобасы толық аяқталысымен, онда 12 отель, конференц-орталық, бірнеше казино, гольф үшін алаңдар, театрлар және сауда орталықтары есіктерін ашады. Кешеннің орталығы болып биіктігі 250 метрлік екі мұнара саналады. Сондай-ақ онда Нью-Йорктегі Таймс-сквердің көшірмесі орналаспақ екен. Кешен толығымен 2031 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

А. Құлтай