Велосипед тебетін Норман

Велосипед тебетін Норман

"Норман" деген итті естуіңіз бар ма? Естімесеңіз, жақында бәрін анық білетін боласыз. Көпшіліктің көзайымына айналып үлгерген сүп-сүйкімді Норман интернет бетінің жұлдызына айналды. Сыртқы келбеті өз алдына, ерекше талантты ит бар-жоғы екі-ақ күнде самокат теуіп үйренген. Одан қала берді, велосипед тебуді де қолға алған көрінеді.

Енді Америка жұртшылығы әр күн сайын Норманның орындауындағы керемет цирк кешін тамашалауға мүмкіндік алып отыр. Кеш бойына самокат тебуден бір шаршамайтын Норманның әр қылығы майдай жағатын секілді.

Ит иесінің сөзіне сенсек, Норман транспорттың осы түрін игеруге өз бетінше бел буған екен.

сурет:dominvrt.si 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига