Ауылдық олимпиада ойындары

Ауылдық олимпиада ойындары

2013 жылдың 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Лудхиян қаласы маңындағы үнді ауылында жетпіс жетінші Кила Райпур спорт фестивалі өтті. Бұл жарыс әлемде Ауыл Олимпиада ойындары деген атпен танымал. Мыңдаған ер адамдар мен әйелдер қатысқан жарыс үш күнге созылды. Бұл жарыстардың ерекшелігі соншалық, 2012 жылдың жазында Лондонда өткен жарыстарға мүлдем ұқсамайды.

Үш күн ішінде фестивальге төрт мыңнан астам адам қатысқан. Ал олардың өнерін тамашалауға шамамен миллион көрермен жиналған.

Жарыс бағдарламасында әдетте біз тамашалауға үйреніп қалған спорт түрлерінің орнына торпақ арбамен жарысу, дененің түрлі мүшелерімен, соның ішінде тіс, құлақпен автокөліктерді тарту және де ауыр заттарды ауызбен ұстап қалу, трактор астында қалу секілді жарыстарымен жиналған көпшілікті қуантады екен.

Еркектер «80 жастан үлкен» категориясы бойынша 100 метр қашықтыққа жүгіруден жарысуда

Ер адамдар Ауыл Олимпиада ойындарының сынақтарының бірінде трактор астында жатыр

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет:  terra-z.ru, mirfactov.com

Ж. FM