Азия Жаңа Жыл тойлауда

Азия Жаңа Жыл тойлауда

Азия елдерінің миллиондаған тұрғындары бүгін, 10 ақпан күні Шығыс Жаңа Жылын тойлауда. 

Бұл мерекені сондай-ақ Қытай Жаңа Жылы деп атайды, мейрам осы елден бастау алған. Қытай күнтізбесі бойынша, дәл осы күні жыл қожайыны ауысады. Осы жылы мықты айдаһар орнын ақылды жыланға бермек. Қытайда жыланды бір жағынан қауіпті, екінші жағынан әдемі, ақылды, дана деп санайды.

Мереке қарсанында 200 миллион қытай азаматтары үйлеріне отбасымен Жаңа Жылды қарсы алуға аттанды. Бұл жыл сайын болатын Қытайдағы ең үлкен көш.

Қытайда отбасы - ең үлкен құндылық. Сондықтан жұмыс, оқуға қарамастан әр қытайлық Жаңа Жыл мерекесінде үйіне баруға тырысады.

Сенбі күні кешке болған мерекелік гала-концертті 700 миллион адам бақылады. Осы жылы кештің ең күткен сәті танымал канадалық әнші Селин Дионның "Титаник" фильміне саундтрегін орындау болды. Айта кетсек, бұл Қытайдағы ең танымал ағылшын тілді ән екен.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: bigpicture.ru

С. А