Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Ең көп таралған фамилиялар

Ең көп таралған фамилиялар

Ең көп таралған фамилиялар

1. Ли – әлем бойынша 100 миллионнан астам адам.

Бұл әлемдегі ең көп таралған фамилия болып саналады. Қытайдың 7,9 пайыз адамы осындай тегіне ие болғандығына өздерін бақытты санайды екен. Адамның тұрғылықты мекен-жайына байланысты  Lee, Li, Ly сияқты жазыла береді.

2. Чжан – әлем бойынша 100 миллионнан астам.

Бұл фамилия да Қытайда көп таралған. 1990 жылы бұл фамилия әлемдегі ең көп таралған болып саналып, Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын. Қытайда бұл фамилия 4 000 жылдан бері қолданылып келеді.

3. Ван (Wang) – 93 миллион адам.

Қытайдың жалпы адам саны 1 миллиардтан асады. Заңды түрде алдыңғы үштікті қытайлық фамилиялар алып тұрғаны белгілі. Ван - тікелей аударсақ - «шіркеу қызметкері» деген мағынаны білдіреді. Бұл фамилия Жапония, Вьетнам, Корея елдерінде де кең қолданыста.

4. Нгуен (Nguyen) – 36 миллион адам.

Ең көп таралған вьетнамдық фамилия. Вьетнам тұрғындарының 40 пайызы осы фамилияны алған. Олар көшіп барған елдерде де бұл фамилия көптеп кездеседі. Мәселен, Аустралиядағы ең көп таралған 7 фамилияның бірі, Францияның ең көп таралған фамилияларының 54-іне кіреді, АҚШ-та бұл есім 57-орында.

5. Гарсия – 10 миллион адамнан астам.

Гарсиялар әлемнің әр жерінде де кездеседі – Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Филиппин, Испания. Тікелей аудармасы – «жас» деген мағынаны білдіреді. 3,3 пайыз испандықтар осы фамилияны алған. Кубада бұл фамилия көп таралған есім болып саналады. Мексикада 4,1 пайыз азамат - Гарсия.  

6. Гонсалес – 10 миллион адамнан астам.

Гонсалес – испан фамилиясы. Гарсиядан кейінгі ең танымалы да осы. Латын Америкасында ең көп таралған ныспы болып саналады.

7. Эрнандес – 8 миллион адамнан астам.

Португалдықтар да, испандықтар да бұл атқа таласып келеді. Мексикада, АҚШ-та, Чилиде, Кубада бұл фамилия өте танымал. Аудармасы – «Эрнанның баласы» дегенді білдіреді.

8. Смит – 4 миллион адамнан астам.

Смит – ағылшын фамилиясы. Ол Ұлыбританияда, Аустралияда, АҚШ-та, Канадада және Ирландияда көп тараған. Бұл фамилия – ұста өнеркәсібіне байланысты пайда болған. Ежелде ұсталарды осылай атаған.

9. Смирнов – 2,5 миллион адам.

Біз ойлағандай, орыстарда ең көп таралған фамилия Иванов емес, Смирнов екен. Әлемнің 2,5 пайыз адамы осы фамилиямен тіркелген.

10. Мюллер – миллионнан астам адам.

Немістің Мюллер фамилиясы Германияда, Швейцарияда және Австрияда көп таралған.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: favim.ru

5694 11
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 05 ақпан 2013, 11:57
Пікірлер
+0
05 ақпан 2013, 13:26

Мейіргүл Ли :D ))) Гонсалес әсіресе сериалдарда көп кездесетін фамилия ғой )

+0
09 ақпан 2013, 15:02

иа дұрыс айтасың)))

+0
05 ақпан 2013, 13:28

ундiлерде Синх деген коп шыгар. Ал казахтарда кай фамилия коп екен?

+0
05 ақпан 2013, 13:29

Омаров :)

+0
05 ақпан 2013, 14:09

үнділерде Кхан, Капур дегендер көп шығар, түріктерде қандай есім көп болды екен? ал Қазақстанда есімдерден Қайрат, Нұржан есімі көп сияқты :mrgreen: өйткені саясатта, да өнерде, де спортта да көрініп жүр ай осы массагетте де Қайраттардың барына тіпті көп екеніне сенімдімін ;)

+0
05 ақпан 2013, 15:26

Менің фамилиям 1 орында :roll:

+0
05 ақпан 2013, 15:37

Бізде Айгүл, Нүргүл, Маржан деген қыз аттары мен Арман, Мұрат, Марат деген ер аттары көп шыгар деп ойлаймын

+0
05 ақпан 2013, 15:52

Смит болғым келеді :lol:

+0
05 ақпан 2013, 18:18

Ли кейде И болып та жазыла беретін сияқты кореяда

+0
05 ақпан 2013, 19:16

ПИТЕР ДЖИН ЭРНАНДЕСС И УИЛЛ СМИТ

+0
06 ақпан 2013, 07:08

Қазақстанда статистика бойынша көп тарағаны Ахметов екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...