Google Үлкен Шатқалға саяхат жасады

Google Үлкен Шатқалға саяхат жасады

Енді АҚШ-тың Колорадо штатындағы Үлкен Шатқалды көргісі келетіндер мұхит аспай-ақ, шатқалдың керемет көрінісін үйлерінен тамашалай алады. Жер тұрғындарына мұндай мүмкіндікті жақында Google Maps ұсынды. Ол жасаған көріністе Үлкен Шатқалдың жанындағы 120 шақырымға созылатын жол да қамтылған екен.  

Шатқал көрінісін тамашалау үшін соқпақтағы өзіңіздің тұратын жеріңізді белгілеп алсаңыз болды. Одан соң, қолданушы 360 градуста айналаны емін-еркін көре алады.

Google ұсынған бұл қызмет түрінде барлығы 9,5 мыңнан астам кескін көрсетілген. Суреттер жобаға қатысушы бірнеше адамның архивінен алынып, 15 объективтен тұратын арнайы жүйемен жасалған. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: mirfactov.com

Б. Қосмағамбет