Өзін ит санайтын түлкі

Өзін ит санайтын түлкі

Жануарлар әлеміндегі таңғажайып оқиға Англиядағы Уорикшир жерінде орнады. Жергілікті жабайы қорықтан қорық қызметкерлері жаралы түлкіні тауып алған. Кейіннен оның жабайы жануарлар әлеміне қайта орала алмайтындығы белгілі болды. Өйткені ол адамдарға әбден үйреніп алған. Түлкіге жаны ашыған Джефф Грюкок (Geoff Grewcock) оны өз қарамағына алған. Оның үй жағдайына үйреніп кетеріне бәрі алғашында күмән туғызған болатын. Джеффтің қолына келген жабайы түлкі өзін жақсы сезінген. Тіпті ол бүгінде үй иттерінен де қалыспай күн кешуде. 

Рокси деп аталатын түлкі үй жануарларының бәрімен "тіл табысып" үлгерген. Ол иттерге арналған жеммен және арнайы етпен қоректеніп жүр. Кәрзеңкеде ұйықтап, иесімен жиі қыдырып тұрады. Жабайы жануардың сыртқы көрінісінің өзгермегені болмаса, ол үй жағдайына толық үйреніп те кеткен.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: re-actor.net

А. Әбілхан