Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / 500 тұрғыны бар "тірі" саябақ

500 тұрғыны бар "тірі" саябақ

500 тұрғыны бар

Күллі әлемді таңырқатқан туындыларды дүниеге әкелген дарынды азаматтардың көпшілігі өзінің лайықты бағасын алмай қалып жататындығы ақиқат. Кім білсін, шын талантқа қаржылай да, рухани да марапаттың керегі де жоқ шығар...

Алайда 1944 жылы дүниеге келген Веджо Ронкконен есімді суретші мұндай үлкен мадақтауларға әбден лайық. Бүгінде Шығыс Финляндияның Париккала жерінде тұратын бұл азаматты көпшілік тани бермейді.

Веджо соншалықты не жасады дейсіз бе? Ол осыдан бірнеше жылдар бұрын Ресей шекарасына таяу маңда құпия түрде мүсіндер бағын ұйымдастырған болатын. Алғашында оқшауланып келген өнер мен шеберлік ұясы бүгінде Финлияндияның бетке ұстар көрікті жерлерінің көшін бастап тұр.

Саябақта жылдың барлық маусымында тіршілік қыз-қыз қайнап жатады. Бұлай дейтініміз бақтың өте бай фаунасы мен флорасы бар. Бәрін айт та, бірін айт, бұл жерді 500-ге жуық тұрақты тұрғын мекен етеді. Нақтырақ айтсақ, 500 бетонды мүсін бар.

Веджо Ронккон бастапқыда қағаз фирмасында жұмыс жасаған. Ол өзінің ең алғашқы мүсінін 1961 жылы жасаған(мүсін бүгінге дейін сақтаулы). Саябақтағы 500 мүсінні 200-ге жуығы суретшінің автопортреттері екен. Автор жастайынан йога философиясына қызығушылық танытқандықтан, көптеген мүсіндерінде йога қимылдары бейнеленген.


Мүсіндерге мұқият қарайтын болсаңыз, Веджоның өмірге келген сәтінен бастап, бүгінге дейінгі өмірі туралы барлық мағұлматтарды алуға болады. Бақ - оның өмірі.

Көрікті мекен ниет білдірушілер үшін тегін қызмет көрсетеді. Мүсінші-суретшінің сұрайтыны - қонақ кітабына тіркелу ғана. Әрбір қонақ кітабында 5000-нан астам адамның қолы бар. Бүгінге дейін автордың қолына жиналған мұндай кітаптардың барлық саны - 50. Есеп-қисапқа жақсы болсаңыз, бақтың қаншалықты танымал екендігін өзіңіз пайымдап көріңіз.
 

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

1042 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 06 мамыр 2012, 19:32
Пікірлер
+0
06 мамыр 2013, 19:53

Мықты екен ерінбей жасауды айтсаңш

+0
06 мамыр 2013, 22:50

күштіі

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...