Еуропадағы ең биік ғимарат

Еуропадағы ең биік ғимарат

2013 жылдың қаңтар айының басында Shard (“Жарықшақ”) ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Өткен жылдың шілде айында таныстырылымы өткен "Жарықшақтың" жөндеу жұмыстары толықтай аяқталып отыр.

Аспанмен таласқан зеңгір үй - Еуропадағы ең биік ғимараттардың көшін бастап тұр. Британдық астанада бой көтерген ғимараттың биіктігі - 310 метр. Онда 87 қабат бар.

Ғимаратқа қонақ үй, жекеменшік бизнес орталықтарын, тұрғын бөлмелерді ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Үйдің құрылыс жұмыстары үш жылға созылған екен. Итальяндық сәулетші Ранцо Пиано "Жарықшақтың" жобасын 2000 жылы жасаған көрінеді.

Ғимаратқа 450 миллион фунт стерлинг қаржы жұмсалған.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Суреттер:mypleer.com,magspace.ru,russian.china.org.cn