Әлемнің үздік 10 қонақүйі

Әлемнің үздік 10 қонақүйі

Рейтингті TripAdvisor сайты жасап шыққан. Тізімге Прагада, Стамбулда, тіпті Маврикийде орналасқан ғимараттар да кірген.

Олай болса, кеттік...

10-орын. Aria Hotel, Чехия.

ол

Прага қаласының қақ ортасында орналасқан әдемі де жайлы орын.

9-орын. Four Seasons Hotel Istanbul at Sultanahmet, Түркия.

о

Қонақүй ортағасырлық стильде салынған. Айта кетелік, қонақүй ішінде бүкіл Түркиядағы ең үздік мейрамхана орналасқан.

8-орын. Baros Maldives, Мальдив аралдары.

лд

Қонақүй виллалары су үстінде орналасқан. Қонақтарға яхта қоса ұсынылады.

7-орын. The Samaya Bali, Бали.

л

Шипажай Индонезиядағы ең танымал аралдардың бірінде салынған.

6-орын. Four Seasons Resort Mauritius at Anahita, Маврикий.

ол

Ғимараттың бір жағында лагуна суы шалқып жатса, бір жағында таулар асқақтап тұр.

5-орын. The Upper House, Қытай.

л

Pacific Place комплексінің бөлігі болып табылатын қонақүй Гонконгтың қақ ортасында тұр. Бөлмелер мұнараның 38 қабатында орын тепкен.

4-орын. Rudding Park Hotel, Англия.

ро

Хэрроугейт қалашығында орналасқан қонақүй тарихи архитектураның фонында гольф ойнағанды жақсы көретін жандар үшін таптырмас орын.

3-орын. Onyria Marinha Edition Hotel & Thalasso, Португалия.

ро

Қонақүй Лиссабоннан 20 минуттық жерде орын тепкен. Орталықта талассо-терапия бөлмелері мен әдемі спорттық алаңдар бар.

2-орын. Cape Grace, ОАР.

ро

Қонақүйде жиі джаз музыкасын сүйтенідер үшін концерттер ұйымдастырылады.

1-орын. Four Seasons Resort Hualalai, Гавай аралдары.

пр

32 қабатты ғимарат су жағасында орналасқан. Қонақүй шекарасында вулкандық жыныстың үстінен ойылып салынған бассейн бар.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: onyriaresorts.com, golfholidays.com, today.kz

Massaget