Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Ұшақ бортындағы балабақша

Ұшақ бортындағы балабақша

Ұшақ бортындағы балабақша

Естеріңізде болса, бала кезде ұлдардың бәрі ғарышкер болуды армандаушы еді, ал қыздар өздерін болашақта әнші немесе атақты актриса ретінде көретін. Ал Рустави қаласында (Грузия) орналасқан әлемдегі ең таңғажайып балабақшадағы балалардың бәрі бір ауыздан келешектерін аспанмен байланыстыруды армандайды:  бұл жердегілердің барлығы болашақ ұшқыш пен стюардессалар. Неге десеңіз, Гари Шапидзе есімді азамат есептен шыққан ЯК-42 ұшағын балабақшаға айналдырған екен. 

 

Бүгінде балақайлардың ең үлкен ойыншығына айналып үлгерген бұл ұшақ жақында ғана Georgian Airways компаниясының жеке меншігі болып келді. Алайда, балабақшаның қазіргі директоры Гари Шапидзе өзіндік ерекшелігі бар мектепке дейінгі білім беру мекемесін ашпақ оймен осы ұшақты сатып алған.

Әрине, ұшақ интерьері аз да болса балабақшаға сай етіліп жабдықталған. Мұнда көптеген ойыншық, сабақ оқуға арналған үстелдер пайда болды. Бірақ, ұшқыштар кабинасы еш өзгеріссіз қалған!

 

Бүлдіршіндерге ұшқыштардың кабинасында болып, мың жарымнан аса батырманы ұстап, оларды санап көргеннен басқа тағы не қызықты болуы мүмкін?

 

Ұшақ салонында бір уақытта 15 бала жүре алады. Батырма панельдерінен бөлек мұнда әр түрлі тетіктер мен тоқ аударғыштар мүмкіндігінше сақталған. Бұның жас ұшқыштардың моторикасының дамуына септігін тигізетіні сөзсіз.

 

Шапидзе ұшақты жабдықтауға бірнеше ай жұмсаған. Дегенмен, оның еңбегі зая кетпеді: тамсандырарлық балабақша тек кішкене бүлдіршіндердің көңілінен шығып қоймай, ата-аналарға да қатты ұнады.

Гари Шапидзе өз арманын іске асырғанына өте қуанышты. Оның айтуынша, балалардың жаңа топқа үйренуі көбіне қиынға соғады, бірақ мұндағы өзгеше дизайн мен мерекелік атмосфера оларға көптеген психилогиялық мәселелерді өздігінше шешуге көмектесіп жатады екен.

Дайындаған: Ерғали Елдос 

Сурет: mirfactov.com

3527 6
Рейтинг: +5

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 17 қаңтар 2013, 13:44
Пікірлер
+0
17 қаңтар 2013, 13:35

Ой, қандай ерекше! :)

+0
17 қаңтар 2013, 13:35

Мынау тамаша екен. Бала қиялын шарықтатып.

+0
17 қаңтар 2013, 14:25

мына балалардың бәрі ұшқыш болатын шығар иа :roll:

+0
17 қаңтар 2013, 15:35

күшті екен. расында да, ұшқыш болуды армандайтын шығар бұдан кейін балалар...

+0
17 қаңтар 2013, 15:36

ғаламат нәрсе екен :)

+0
17 қаңтар 2013, 22:15

күштіііііііііі :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев