Адам сенбейтін суреттер

Адам сенбейтін суреттер

Күн сайын интернет әлеміне жасанды суреттердің ағыны толассыз қаптап жатыр. Қарапайым жұрт қай суреттің табиғи, қай суреттің жасанды екенін біле алмақ емес. 

Бүгін сіздердің назарларыңызға фотошоп мүлдем қолданылмаған, сонда да сенуге қиын суреттер топтамасын ұсынғалы отырмыз.

2007 жылы Ньюкастлдың жағалауына (Австралия) "Pasha Bulker" алып кемесі оқыстан кеп тоқтайды. Сол уақытта жергілікті елді-мекеннің бір тұрғыны сурет түсіріп ала қойған. Әлгі кеменің арқасында аталған елді-мекен туристік орталыққа айналып шыға келіпті. 

Адамдардың ортасында өскен "Брутус" көптеген жарнамаларға түсіп тұрады. 

"Бурдж аль-Араб" қонақүйінің төбесіне (800 метр биіктік) салынған теннис кортында 2005 жылы 22 ақпан күні Роджер Федерер мен Андре Агасси ойнаған. 

Ойыншылардың арасындағы кезекті төбелес және бірінің бас киімі оқыстан түсіп кеткен.

2009 жылдың суреті. Жақсы грим мен киім. Фотошоп қолданылмаған.

Вашингтон (АҚШ) штатына ат ізін сала қалсаңыз, онда осы бір қызықтың куәсі боласыз. Бұл елде шайтанарба туралы бірталай аңыз бар болып шықты.

Белгілі бір деңгейде үй ішінде де бұлт түзілуі мүмкін.

Швейцарияның "Wenger" фирмасы 85 құралдан тұратын осы бір шаппаларды арнайы жасап шығарған. Ұзындығы - 23 см, салмағы - 1 келі.

Неміс бизнесмені ақшаны көп табу мақсатында қояндарды өсірудің озық жүйесін тауыпты. Әрине, қоянның мұншалықты өсуіне бірден сене қою қиын.

Жер бетінде түйеқұстардың жарысы көп елдерде дәстүрлі мереке болып кеткен.

"Уно" мотоциклі - әлемдегі бір дөңгелекті жалғыз көлік.

Сомали.

Филиппинде өмір сүріп жатқан "иткенгурулер". (Кьют пен Бамби деген аттары да бар). Шын мәнінде, екеуі алдыңғы екі аяқсыз туылған.

Аталған сурет 2005 жылы Иракта түсірілген.

"Жазушы" деп аталатын алып мүсін. Лондонның шет қиырында орналасқан. Италияндық суретші Джанкарло Нери қаламгерлердің жалғыздығын көрсеткісі келіпті.

Тартылыс заңы бойынша тұрып қалған тастар.

Берресса (Калифорния) көліндегі үлкен ойық. Ойықтың диаметрі - 20 метр.

Жаңа Англияның (АҚШ) жағалауына шығып қалатын балдырлар.

суреттер:list25.com;liveinternet.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига