Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Бір сәт армандайық...

Бір сәт армандайық...

Яхта – бүгінде тек суда қатынау көлігі болып қана қоймай, ауқатты адамдардың ұлылығын көрсететін өзіндік статусқа айналды. Байлардың барлығында дерлік мұндай көліктің бірі, тіпті бірнешесі бар, алайда құны жүздеген миллион доллар тұратын яхталарды тек араб шейхтері секілді дәулетті адамдар ғана иелене алады.

«А». Бұл яхта атақты дизайнер Филипп Старктың ресейлік миллиардер Андрей Мельниченкоға арнайы жасаған туындысы. Сыбыстарға сенер болсақ, бұл кеенің құны 300 миллион долларға жетеді-міс.

«Smeralda». 2012 жылдың наурыз айында ғана  суға түсірілген су жаңа кеме. Құны – 100 миллион доллар. Оның басты ерекшелігі ретінде аспан астында көруге болатын жеке кинотеатрды, спа-салоны мен тікұшаққа арналған ұшу алаңын айтуға болады.

«Venus». Ұсынылған топ яхталардың ішіндегі ең жаңасы. Ол өткен жылдың қазан айында ғана суа түсірілді.  Филипп Старктың жобасымен жасалған бұл кеме сол күйі өз арманының теңізде жүзуін көре алмай кеткен Apple компаниясының бұрынғы жетекшісі Стив Джобстың иелігінде.  Оның құны – 130 млн. доллар.

«Pelorus». Құны 130 миллион долларды құрайтын Роман Абрамович иелігіндегі яхталардың бірі. Кеме қосымша жанармай құюсыз жер шарын айналу саяхатына аттана алады деседі. Кеме бортында сонымен қатар, кішкене сүңгуір қайық пен «антипапарацциялық» жарық түсіргіш аппарат та бар көрінеді.

«Octopus». Аталған кеме Microsoft компаниясының негізін салушыларың бірі - Пол Алленге тиесілі. Құны – $200 млн.

«Rising Sun». Oracle компаниясының басшысы Ларри Эллисон мен продюсер Дэвид Геффеннің ортақ яхтасы. Кеменің бес палубасы және ол сағатына 50 километр жылдамдықпен жүзе алады. Яхта құны -  $200 млн.

«Lady Moura». Яхта 1991 жылы Сауд Абариясының шейхі Насер аль-Рашидтің арнай тапсырысымен соғылған. Сонымен қатар, бұл кеме ұзақ уақыт бойы әлемдегі ең қымбат болып келді.

«Dubai». Әлемдегі ең әдемі және ең қымбат яхталардың бірі. Оның иесі Дубай әмірі Мұхаммед ибн Рашид аль-Мактум. Яхта бүгін 350 миллион долларға бағаланып отыр. Сегіз палубасы бар алып яхта 100-ден аса қонақты қабылдай алады.

 

«Al Said». Яхта араб сұлтаны Маскат Кабус бен Саид Альбусаидтің жеке меншігі болып есептеледі. Су сыйымдылығы (15 850 тонна) жағынан әлемдегі ең үлкен болып есептеледі.

 

«Eclipse». Теңіз саяхатын ұнататындардың бірі – Роман Абрамовичтің жаңа яхталарының бірі. Яхта ұзындығы 162,5 метр. БАҚ өкілдері атақты миллиардер аталған кемені иелену үшін 1,12 миллиард долларға шығындалған деседі. Алайда, оның нақты бағасы әлі де белгісіз.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: xn--80aqafcrtq.cc, fractal-vortex.narod.ru, whitewind.biz

1495 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 15 қаңтар 2013, 18:37
Пікірлер
+0
15 қаңтар 2013, 21:00

:o :o :o :o :o :o :o :o :o :o :o :o :o

+0
15 қаңтар 2013, 21:10

:roll: :roll: :roll: :roll: :roll: :roll: :roll: :roll:

+0
15 қаңтар 2013, 23:29

Мынадан кейін қалай бай болуды армандамайсың :?

+0
16 қаңтар 2013, 01:33

Маған ең ұнағаны «Eclipse». Бірақ қанша ақшам болса да, яхта сатып алмайтын ба едім... Бірақ кім біледі :mrgreen:

+0
16 қаңтар 2013, 10:10

«Rising Sun». яхтасы. ішінде көзге ерекше түсіп тұрғаны осы...

+0
16 қаңтар 2013, 10:34

алтыншыны армандағым кеп тұр :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...