Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Үлкен тесіктің құпиялары

Үлкен тесіктің құпиялары

Үлкен тесіктің құпиялары

Атлант мұхитындағы Лайтхаус рифінің (су астындағы құз) орталығында орналасқан Үлкен көк ойық сізді бей-жай қалдырмайтындығына сенімдіміз.

Туристер арасында "Үлкен көгілдір тесік" деген атпен таралған бұл геологиялық құрылым - о баста мұз дәуірінен бері келе жатқан әктастан құралған үңгірлер жүйесінің қатарында ғана еді. Өйткені, ол кездері теңіз деңгейі өте төмен болатын. Кейіннен мұхит суы көтеріліп, су басып қалған күмбез опырылып қалады да, оның орнына бүгінгідей карстық шұңғыма пайда болады. Зерттеуші ғалымдар шұңғыма осыдан 200 млн. жыл бұрын түзілген дегенді айтып отыр.

Үңгірдің диаметрі - 300 метрге жетсе, тереңдігі - 120 метрден асады. Бір қызығы, су құламасының түсі мұхит суының түсінен ерекшеленіп тұрады.

Ел аузында бұл ойық ата-бабаларымыз қазына сақтаған "ыдыс" деген әңгімелер кең тараған. Тесіктің қабырғаларының біркелкі әрі тегіс болуы бұл пікірді одан сайын алға тарта бастады. Расымен де, биіктен көз жүгіртер болсақ, бұл орын арнайы жасалған қоймаға өте ұқсас келеді емес пе?! Кім білсін...

Десе де, зерттеуші Жак-Ив Кусто бұл пікірді жоққа шығарып, қабырғалардың адам қолымен жасалмағандығын толықтай дәлелдеп берді. Ол 1972 жылы өзінің "Калиспо" атты кемесімен сапарға аттанып, оның тереңдігін өлшеп, табиғи құбылыс екендігі хақында еңбек жазды.

Атақты ойыққа терең сүңгіп көргісі келген дайвингшілер оттегі жетіспейтіндіктен 30 метрден артық бара алмайды екен. Сүңгігіштер өздерінің аңыз саяхаттары барысында балықтардың ешбір жерде кездеспейтін түрлері мен групер, акул-нянек сынды балықтарды, рифтік акулалардың бірнеше түрін көргендігін айтады.

Бір сұлулықтың өзі кемшілігі болады. Ойық іші - өте қауіпті. Үңгірден шыға берісте, осында қаза болған ондаған дайверлердің тізімі жазылған кесте ілінген. Мұнда болып көрген туристер су түбінде бақилық болған адамның үш қаңқасын кезіктірген көрінеді.

Бір кездері Жак-Ив Кусто тауып, толықтай зерттеу жүргізген бұл мекен - бүгінде дайвингке арналған әлемдегі он үздік орынның көшін бастап тұр.

Суреттер:lifeglobe.net,prirodadi.ru,tomportal.ru,avivas.ru,ola.ua

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 15 қаңтар 2013, 12:27

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.