Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Ұшқан оқты қақ бөлген...

Ұшқан оқты қақ бөлген...

Ұшқан оқты қақ бөлген...

Өмір - адам қолынан келе бермейтін тек Голливуд фильмдеріндегі супер батырлар ғана  бағындыра алатын нәрселерге толы. Солардың бірі - атылған оқты семсермен қақ жару. Қиял болып көрінгенімен, жақында ғана Исао Мачии есімді жапондық жігіт осы трюкті керемет орындай алды – ол пневматикалық қарудан атылып, сағатына 300 км жылдамдықпен ұшқан пластикалық кішкене шарды өзінің семсерімен қақ бөлді.

Бүгінде Мачии самурай мектебінің басшысы ретінде қызмет атқарады және өз шәкірттері алдында маңдай алды ұстаз. Сонымен қатар, бүкіл әлемді өзінің дәлдігімен таң қалдырған Исао Гиннес рекордтар кітабына да енді, ал оның катананы игергені соншалық, семсершілер арасында «жеңілмейтін самурай» атағына ие болған.

Жақында америкалық бір кинорежисер мен Калифорния мемлекеттік университетінің докторы Рамани Дурвасуле Мачиидің кішкене оқты қақ айырып тастау трюгін тамашалау үшін оны Лос-Анджелес маңындағы атыс алаңына шақырады. Аталған трюкті жай көзбен көру мүмкін болмағандықтан, трюкті бейнетаспаға жазу үшін баяу қарқынды түсірілім қолданылады. Нәтижесінде Исао қас-қағым сәттің ішінде тапаншаның даусын естіп, асқан шеберлігінің арқасында семсерін дәлме-дәл оқтың ұшу бағытына қарсы қоя білген.

Аталған процесті видеодан көргенде пластмассадан жасалған кішкене шар қылыш жүзіне тиіп барып, бірнеше бөлікке бөлінгені байқалған. Самурайдың трюгіне қайран қалған Рамани Дурвасуле «Бұның бәрі әлдеқайда басқа, көп адамның қолы жетпейтін сенсорлық деңгейде болды, себебі Исао объектіні көрмей-ақ, оны бағындыра білді», - дейді.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: aneka-sains.blogspot.com 

1272 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 11 қаңтар 2013, 11:55
Пікірлер
+0
11 қаңтар 2013, 12:57

Уааааау, тура кинодағыдай ғоооой :)

+0
11 қаңтар 2013, 13:23

мықты десе мықты! тамаша трюк! риза болдым! Қазіргінің самурайы!

+0
11 қаңтар 2013, 14:09

Көзі өткір екен :o

+0
11 қаңтар 2013, 14:19

:o :o :o мәссаған

+0
11 қаңтар 2013, 19:31

.... Керемет!.... :o

+0
16 қаңтар 2013, 02:16

мынау жындығо :shock:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...