Шұжықтың қызығы әлем назарында

Шұжықтың қызығы әлем назарында

«Егер бұл видео сізді тәнті етпесе, сіз онда өліп қалғансыз» - дәл осындай айдармен еуропа газеттері шуылдап жатыр.

Көптеген газет бір ғана кішкентай панда туралы бір-бір бет мақала басыпты. Бамбук қонжығының аты – Шұжық! Ол аз уақытта-ақ интернет жұлдызына айналып үлгерді. Мысық-аюдың баласы қуыршаққа аюға өте ұқсас. Ол Америкадағы Сан-Диего деп аталатын ең әйгілі хайуанаттар бағында туылыпты.

Бір апта бұрын ғана бұл қонжық жүре алмайтын. Ал бүгінде ол ширақ қалпында ойнақтап жүр. Шұжықтың әрбір ойын-қызығы адамдардың оған деген сүйіспеншілігін арттыру үшін бақтың әрбір жерінде камералар орнатылған.

Сан-Диего хайуанаттар бағы мен Шұжықтың басқа да видеоларын көргіңіз келсе мұнда өтіңіз...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет:games.businesskey.com.ua

А. Құлтай