Оңтүстік Кореяда өткен ерекше флешмоб

Оңтүстік Кореяда өткен ерекше флешмоб

Сеул қаласындағы парктердің бірінде жігіттер мен қыздардың жаппай кездесуі орын алды. Шараға мыңға жуық адам қатысқанымен, нәзік жандылардың дефициті анық байқалды. 

Осылайша Йеуидо паркінде өткен флешмобта 7 жігітке шамамен 3 қыздан келді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, өздеріне жұп іздеуші қыздар алаңға қызыл немесе қызғылт киімде келуі керек болса, жігіттер ақ киім киіп келуі міндеттелген болатын. Көп жігіт жақсы жұп табудағы ықтималдылықтың артуы мақсатында қолдарына гүл мен түрлі ойыншықтар ала барған.

Айта кетелік, кездесу әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылып, халыққа насихатталды. Идея авторы шараны махаббатын әлі күнге дейін таба алмай, қиналып жүрген жандар үшін ұйымдастырғанын айтты. Кездесуге түрлі жас аралығындағы адамдар келді. Олардың ішінде тіпті арбаға таңылған жігіт ағасы да бар.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: rus.tvnet.lv