130 жыл өмір сүрген тасбақа

130 жыл өмір сүрген тасбақа

130 жыл өмір сүрген англиялық тасбақа жақында туған күнін өткізді. Бұл ұзақ өмір жұлдызы 2-дүниежүзілік шайқастың зеңбірек оғынан да аман өткен. Бұдан бұрынғы біраз қожайындарын ақтық сапарға шығарып салған.

Бұл тасбақаның есімі - Томас. 1882 жылы туылған. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде оның қожайынының үйі зеңбірек оғынан күл-талқаны шыққан. Қирандының арасынан байқап қалған әлдекімдер оны құтқарып алған. Тек 1978 жылы оның денсаулығын тексеруге алып барған. Сонда ғана оның 96 жасқа келген ұрғашы тасбақа екендігі анықталған екен. Осыдан бұрынғы қожайындары әртүрлі себептермен үздіксіз өзгеріп отырған. Қазір ол 54 жасар ерлі-зайыптылардың қарауында екен. Хайуанаттар қорғау орталығының дәрігерлерінің айтуынша, «Томастың» қимыл-қозғалысы әлі де сергек, ешқандай да кәрілік белгілері байқалмаған көрінеді.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: xinhua.net

Қ. Қауымбек