Уақытты жолға емес, демалысқа жұмсаған абзал

Уақытты жолға емес, демалысқа жұмсаған абзал
Фото: @talashin

Әлемдегі ең шалғай елдің тұрғындары басқа аймаққа тез, ыңғайлы әрі артық шығынсыз жетуге мүмкіндік беретін инфрақұрылым болса деп тілейді. Әсіресе қалалары бір-бірінен алыс жатқан елдер үшін жолаушыларды жылдам тасымалдау аса маңызды. Мәселен Атырау мен Қызылорда арасы – 1550 километр, ал Шымкент пен Семей арасы – 1850 километр. Бұл қашықтықты көлікпен немесе пойызбен жүріп өту үшін бірнеше күн керек. Осы бірнеше күн ішінде жақын-туысқандарды шарлап, басқа өңірдің әсем жерлерін көріп, мейрамханаларда дәмді астан ләззат алғанға не жетсін?

Жолаушыларға барынша жылдам, қауіпсіз және арзан альтернатива керек. Сол себепті FlyArystan әуекомпаниясы 9 рейсті қайта іске қосып, қазақстандықтар мен ел қонақтарына арнап 5 жаңа бірегей бағытты ашады.

Жолаушылар үшін аса маңызды жаңалық – енді өңірлер арасындағы рейстер Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларын айналып өтіп, тікелей жасалады. Осылайша рейстер бірнеше сағатқа жылдам әрі арзан болады.

Минималды бағамен жаңартылатын рейстердің толық тізімі:

- Алматы-Қызылорда-Алматы 6999 теңгеден бастап (2021 жылғы 28 наурыздан бастап)

- Алматы-Көкшетау-Алматы 8999 теңгеден бастап (2021 жылғы 29 наурыздан бастап)

- Алматы-Ақтау-Алматы 12999 теңгеден бастап (2021 жылғы 5 наурыздан бастап)

- Алматы-Орал-Алматы 12999 теңгеден бастап (2021 жылғы 28 наурыздан бастап)

- Шымкент-Қарағанды-Шымкент 6999 теңгеден бастап (2021 жылғы 18 наурыздан бастап)

- Шымкент-Қостанай-Шымкент 7999 теңгеден бастап (2021 жылғы 19 наурыздан бастап)

- Шымкент-Павлодар-Шымкент 7999 теңгеден бастап (2021 жылғы 20 наурыздан бастап)

- Атырау-Қызылорда-Атырау 6999 теңгеден бастап (2021 жылғы 19 наурыздан бастап)

- Нұр-Сұлтан-Ақтау-Нұр-Сұлтан 9999 теңгеден бастап (2021 жылғы 29 наурыздан бастап)

Мынадай жаңа рейстер де ең төменгі бағада іске қосылған:

 - Ақтау-Қызылорда-Ақтау 7999 теңгеден бастап (2021 жылғы 17 наурыздан бастап сәрсенбі және жексенбі күндері)

 - Атырау-Түркістан-Атырау 8999 теңгеден бастап (2021 жылғы 28 наурыздан бастап жұма және жексенбі күндері)

 - Шымкент-Семей-Шымкент 7999 теңгеден бастап (2021 жылғы 3 мамырдан бастап дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері)

 - Шымкент-Ақтөбе-Шымкент 8999 теңгеден бастап (2021 жылғы 1 мамырдан бастап сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері)

 - Шымкент-Орал-Шымкент 10999 теңгеден бастап (2021 жылғы 1 мамырдан бастап сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері).

Қыстан шаршаған солтүстік өңірлерінің тұрғындары тіл үйірер кәуаптың, өзбек палауы мен тандыр самсаның дәмін татып көруі үшін, наурызда шырайлы Шымкентке ұшып баруына болады. Әз Наурызды осында қарсы алсаңыз, өкінбейсіз. Жеңіл сөмкемен ұшып барсаңыз, қайтарға жолжүк алуды ұмытпаңыз, себебі Шымкенттен құр қол қайтуыңыз екіталай. Жергілікті кептірілген жеміс-жидектер, дәмдеуіштер мен көкөністердің түр-түрін сарқыт ретінде алып келуге болады.


Фото: @talashin

Тариф түріне байланысты жолаушылар өзімен көбірек жолжүк алуға,  ұшақта отыратын орнын таңдауға немесе рейсті тегін қайта брондауға болады, яғни билет құнын жолаушы өзі реттейді. Билет арзанға бағалануы – осы әуе компанияның басты артықшылығының бірі. FlyArystan лоукостерге тән классикалық модель бойынша жұмыс істейді, оған сәйкес жолаушы өз саяхатын өзі қалыптастырады.

"Біз жолаушыларға билеттен (борттағы кездейсоқ орын) + салмағы 5 килограмм болатын бір дана қолжүгінен тұратын стандарты пакетті ұсынамыз, тамақ, жолжүк, қосымша қолжүгі, борттағы орынды таңдау сияқты қосымша қызметтер үшін жолаушылар бөлек төлейді. Мұндайда қосымша қызметтердің құны да өзгереді. Егер қызметтерді алдын ала FlyArystan мобильді қосымшасында немесе компания сайтында сатып алсаңыз, онда бұл қызметтерді әуежайда төлегенмен салыстырғанда соманың 70 пайызға дейін үнемдеуге болады. Осылайша, жолаушы ұшақпен ұшуға қанша төлеуге дайын екенін өзі шешеді. Сонымен бірге FlyArystan перрон автобусы сияқты әуежайлардың кейбір қосымша қызметтеріне жүгінбейтінін ескерген жөн. Өңірлік әуежайларда жолаушылар ұшақтан терминалға дейін өзі жетеді, осылайша компания осы сияқты қымбат қызметтерге ақша жұмсамайды. Алайда біз қауіпсіздік үшін еш үнемдемейміз. Ұшу қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз және компания қатаң түрде халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейді", - дейді FlyArystan әуекомпаниясының маркетинг және сату бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.

Қауіпсіздікке коронавирус пандемиясы кезінде де алаңдамауға болады. FlyArystan ұшақтарының әрқайсы микробтың 99,97 пайызын өлтіретін және әрбір 3 минут сайын циркуляция жасайтын заманауи НЕРА-фильтрлерімен жабдықталған.

Қазіргі уақытта уақыт ең құнды ресурс болғандықтан, FlyArystan-ның қауіпсіздігі мен жылдамдығы әрі қолжетімді бағасы – әр қазақстандық үшін ең оңтайлы, ыңғайлы нұсқа. Енді демалыс күндері басқа қаладағы туыстарына баратын жас отбасылар, вахта әдісімен жұмыс істейтіндер және басқа да мамандар, студенттер мен зейнеткерлер, кәсіби мұқтаждықтары бойынша жиі ұшуға мәжбүр болған мемлекеттік қызметшілер мен кәсіпкерлер FlyArystan ұсынатын бағаны, сапа мен жылдамдықты жоғары бағалайтыны сөзсіз.

"Енді тек Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындарымен бірге атыраулықтар да Түркістанға тікелей ұша алады. Ал Шымкенттен Оралға, Ақтөбеге, Семейге тікелей жету үшін 2 сағаттан аз уақыт кетеді. Қызылордалықтарға автокөлікпен немесе пойызбен теңізге барудың қажеті жоқ, өйткені FlyArystan аптасына екі рет Airbus A320 ұшақтарымен ұшады", - дейді Жанар Жайлауова.

Бұл сөзге дәлел болуы үшін қарапайым қазақстандық азаматтың Шымкент–Орал–Шымкент сапарына қанша уақыт пен ақша жұмсайтынын есептеп көрейік. 2021 жылғы 1 мамырдан бастап әр сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұшатын FlyArystan лоукостерімен ұшуды таңдап, ол екі жаққа қонбай ұшу үшін 10999 теңге төлейді. Бұл – 56*23*36 сантиметр көлеміндегі бір дана қол жүгін қамтитын билеттің ең төменгі құны. Ұшу уақыты – 2 сағат 35 минут. Басқа әуекомпанияларының тұрақты рейстеріне қарасақ, олар Алматы немесе Нұр-Сұлтанға міндетті түрде соғады, сондықтан жол жүру уақыты – 18 сағат 25 минут, ал билет құны 76 000 теңгеге дейін барады немесе одан да қымбат болуы мүмкін.

FlyArystan ашылғанға дейін халық үшін көп жыл бойы жылдамдық пен арзан бағаның эталоны болып келген плацкарт пойызын әуе компаниясының лоукостерімен салыстыратын болсақ, мұнда да әжептәуір айырмашылық бар. Мәселен плацкарт вагонымен Шымкенттен Оралға дейін 1 күн 18 сағатта жетуге болады. Яғни 1 мамырда Оралға шықсаңыз, 3 мамырда жетесіз. Ал ұшақпен 2 сағат ішінде жетуге болады. Ұшақпен болса небәрі 2 сағаттан аз уақытта жететін боласыз.

Лоукостерлерге сұраныс көп болғандықтан мүмкіндігінше рейске алдын-ала тапсырыс берген дұрыс.

"Біз әрқашан ертерек брон жасауға кеңес береміз, өйткені FlyArystan билеттерін сату бірнеше ай бұрын ашылады. Мысалы бүгін билеттерді 2021 жылғы 31 қазанға дейін брондап қоюға болады. Сондықтан билеттер тез таусылып қалуы мүмкін. Ескеретін жайт – көбіне демалыс және мереке күндеріне, жазғы маусымда және демалыс күндеріне билеттер тез сатылып кетеді. Егер жолаушы ұшатын күніне нақты сенімді болса, онда қайта брондау мүмкіндігі жоқ "Тиімді" тарифі бойынша билет сатып алуына болады. Ал егер саяхат күніне сенімді болмасаңыз, онда билеттерді "Икемді" тарифі бойынша сатып алуды ұсынамыз. Бұл тарифте бір рет қайта брондау мүмкіндігі бар", - дейді Жанар Жайлауова.

Компания ақпанның 22-і мен 25-і аралығында 10 бағыт бойынша науқан болатынын хабарлайды. Бұл күндері мына бағыттар бойынша билеттерді 4999 теңгеге 19.03-31.05 аралығындағы рейстерге сатып алуға болады.

Алматы-Көкшетау-Алматы

Ақтау-Қызылорда-Ақтау

Атырау-Қызылорда-Атырау

Атырау-Түркістан-Атырау

Шымкенттен Оралға, Семейге, Ақтөбеге, Қостанайға, Павлодарға, Қарағандыға және кері бағыт. Билеттерді FlyArystan қосымшасында немесе flyarystan.com сайтынан сатып алуға болады.

FlyArystan – ұлттық әуетасымалдаушы Air Astana-ның еншілес әуекомпаниясы, отандық авиацияда нағыз трендсеттерге айналған Қазақстанның алғашқы лоукостері. FlyArystan пайда болғалы саяхаттар қолжетімді бола бастады, жолаушылар өзіне керек қызметтерді таңдай алатын болды. Аталмыш әуекомпания бас компанияның бірыңғай қауіпсіздік стандарттарын сақтайды, тәжірибелі инженерлері, ұшқыштары және бортсеріктері үнемі әлемнің үздік мектептері мен оқыту орталықтарында білімін жетілдіріп отырады.

FlyArystan халықты қолжетімді рейстермен қамтамасыз ету үшін Елбасы бастамасымен құрылды. Бірінші рейс 2019 жылғы 1 мамырда Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жүзеге асырылды. Ұшу экипажының орташа өтілі – 10 жыл. Әуе компаниясының флотында орташа жасы 7 жылды құрайтын Airbus A320 реактивті ұшақтары бар, сонымен бірге биыл наурызда авиапарк 8 ұшақпен толығады. Ұшақтар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырауда орналасқан, бірақ әуе флотының ұлғаюына байланысты Ақтау мен Шымкентте жаңа өңірлік базалар ашылатын болады.

Бағдарлар желісін одан әрі кеңейту және қолжетімді бағалар бойынша қолжетімді орындарды ұсыну – FlyArystan компаниясының басты жоспарының бірі.

Серіктес материалы

Massaget