Әлемнің әдемі 10 әуежайы

Әлемнің әдемі 10 әуежайы
Фото: s28477.pcdn.co

Қызыққан адам шетелге шығып, мәдениетін танып, саяхаттағанды ұнатады. Саяхатшы қыдырып қай қалаға бармаса да, ең бірінші көретін жері – сол қаланың әуежайы. Сол себепті әуежайдың әдемі, қолайлы, қауіпсіз болуы шарт. Әрбір жолаушы өз ұшағын күтіп, көп уақытын әуежайда өткізетіндіктен, әуежайдың маңызы өте зор.

Лондондағы Хитроу әуежайы 

2019 жылы әуежай әкімшілігі 5-терминалға Юр дәуірінің "сарқыты" динозавр сүйегінің макетін көрнекілік ретінде орналастырған. Мақсаты – келушілердің назарын аудару.

Бұдан басқа тағы бір динозавр түрі велоцираптор бар.

Әуежай жылына 69,4 млн жолаушы қабылдайды. Лондон қаласының мэрі Борис Джонсон "бұл әуежай туристерге Ұлыбритания жайлы теріс көзқарас қалыптастырады" десе де, Хитроу әуежайы үздік ондықтың қатарына еніп келеді. Хитроу әуежайы сауалнама бойынша 5 балдық дауыс беру нәтижесінде 4 балға ие болған.

Лондон әуежайының басымдылығы: әуежейдың өте қарапайым болуы, әуерейстер жайлы ақпараттардың қол жетімді болуы, қызметкерлкердің жақсы қызмет көрсетуі және жыл сайын қызықтыратын көрнеліктерімен ерекшеленеді. Сонымен қоса, бұл әуежай жылдың "ең үздік дүкендері""ең үздік терминалдар" деген аталымдарға ие.

Халықаралық Ванкувер әуежайы 

Жылына 18 млн жолаушы қабылдайтын Ванкувер әуежайы өзінің атақты өнер мұражайымен әлемге танымал. Үздік әуежайлар арасындағы жолаушысы азы да – осы. Төрт жыл қатарынан Солтүстік Американың үздік әуежайы атағына ие болып келе жатқан бұл орын аумағын үлкейту үшін жұмсалған 1,4 миллиард доллар ақшаны толықтай ақтап отыр. Сапалы қызмет көрсету жағынан жоғары бағаланған. Ерекшелігі сол, әуежайда жасыл түсті киім киген ерікті адамдар кез келген жолаушыға көмек көрсетеді.

Цюрих әуежайы

Цюрих әуежайы жылына 24,8 млн жолаушы қабылдайды. Швейцарияның ең үлкен және ең көп жолаушы қабылдайтын әуежайы атағына ие. Әуежай 2003 жылы аумағы жағынан кеңейтіліп, жаңа терминалдар қойылды. Сонымен қатар, жолаушыларды қалаға жеткізетін Skymetro атты жерасты пойызы бар. Цюрих әуежайы қауіпсіздігі жағынан және иммиграциялық бақылау тұрғысынан жоғарғы көрсеткішке ие болды.

Халықаралық Шоуду әуежайы

Жылына 78,7 млн жолаушы қабылдайды. Бейжіңде орналасқан бұл әуежай жолаушы қабылдау тұрғысынан Атланта қаласындағы Хартсфилд-Джексон әуежайынан кейін әлемде екінші орын алады. Әуежай "үздік терминал" деген атақты жеңіп алған. Langham Place атты қонақ үйі әуежай қонақ үйлерінің ішінде әлемде екінші сатыда келеді.

Халықаралық Токио әуежайы - Ханэда

Жылына 90 миллион жолаушы қабылдауға қауқары жететін Ханэда әуежайы 2014 жылдың наурыз айында тағы да әуежай аумағын кеңейтіп жаңа қонақ үйлер тұрғызды. Токио әуежайы тазалығы және жолаушылардың қауіпсіздігі жағынан жоғарғы балға ие болды.

Амстердамдық Схипхол әуежайы 

1916 жылы ашылған жылына қазір 49,8 млн жолаушы қабылдайды. Алғашында әскери әуежай болған. Кейіннен халықаралық әуежайға айналып, әлемде жолаушылар көп қабылдайтын әуежайлардың бірі атанды.

Схипхол әуежайының ерекшелігі әрбір жолаушыға өзінің ұшағын күткен кезде ішінде покер ойнауына, массаж қабылдауына не болмаса әуежай кітапханасында кітап оқуына жағдай жасалған. Схипхол өзінің атақты мейрамханаларымен әлемге танымал.

Халықаралық Гонконг әуежайы

Әлемнің "тірі әуежайы" аталымына ие аэропорт жылына 53,3 млн жолаушы қабылдайды. Гонконг әуежайы жүкті тез жеткізу жағынан, өзінің тазалығымен, дүкендер және мейрамхана қызметі бойынша үздік көрсеткішке жеткен. Жолаушыларға уақыт өткізу үшін гольф ойнау мүмкіндігі жасалған.

Мюнхен әуежайы

Германияның жолаушы көп қабылдайтын (37,8 млн) әуежайларының бірі. Мюнхен әуежайынан әлемдегі ең әдемі терминалдарды кездестіре аласыз. Европаның үздік пойызы арқылы әуежайдан қала орталығына дейін 45 минутта жетуге болады. Өзінің атақты мейрамханалары мен сауда орталығы арқылы жоғары бағаланған.

Халықаралық Инчхон әуежайы

Бұл әуежай жылына 39,2 млн жолаушы қабылдайды. Оңтүстік Кореяның ең үлкен әуежайында 70-ке жуық әуекомпаниялары қызмет көрсетеді. 2005 жылдан бері Инчхон әуежайы әлемнің ең үздік әуежайы деген атаққа ие болған. 2001 жылы наурыз айында корей мәдениетінің мұражайы ашылған.

Сыртқы көрінісі, тазалығы, демалыс орны, мейрамханасы және қызмет көрсетуі үшін Skytrax тарапынан үздік бағаға ие болған.

Халықаралық Чанги әуежайы

Жылына 46,5 млн жолаушы қабылдайды. Сингапур әуежайының ерекшелігі, бұл әуежайда жолаушылыр үшін ашық бассейн, үлкен табиғи бақ, кинотеатр, балаларға арналған ойын орталығы бар. Чанги әуежайы қатарынан бірнеше жыл әлемнің ең үздік әуежайы атағына ие болды. Жолаушылар қауіпсіздігі, иммиграциялық бақылау, тазалығы жағынан үздік деп танылды.

+ десерт

Түркіменстан астанасы Ашхабадта салынған бұл әуежай сағатына 1600 жолаушыға қызмет етеді. Туристердің аяғы түрікмен еліне тиместен сұңқарға ұқсаған әуежайдан таңғалып жатады. Әуежай сәулетшілері туристердің саны жаңа нысанға байланысты күрт өсті дейді. 

Г. Берік