Испаниядағы ең көне қала

Испанияның ең көрікті әрі ең көне жерлерінің бірі – Вилла Велла қамалы. Қамал Тосса де Мар қаласында орналасқан. Оның тарихы 1186 жылдан басталады.

Қалаға теңіз қарақшылары шабуыл жасағанда Вила Велла қамалы жергілікті тұрғындарға ең қауіпсіз жер болған. Осындай қақтығыстардың бірінде қамал соққыға шыдамай, қатты қираған.

XIV ғасырдың соңында қамалдың алдыңғы шебі толығымен қайта қалпына келтірілді. Сөйтіп Вила Велла қамалы қарапайым жұрттың сеніміне қайта кіріп, қаланы түрлі кесапаттан сақтады. Мысалы, қамал қаланы тек шабуылдан ғана емес, Атлант мұхитынан соғатын желден ық болған.

Қамал бірнеше қайта құру үрдісін бастан кешті. Оның ең ірісі XIX ғасырда болды. Қамалдың бекініс қабырғалары қандай да бір сырт күштің әсерінен опырыла бастаған. Бірақ кейін шеберлер бекіністі қайта қалпына келтіріп қана қоймай, оны ары қарай дамытқан.

Қазіргі таңда қамал мұнарасының бірінде көркемөнер мұражайы бар. Мұнда аты әйгілі суретшілердің түрлі картиналары сақталған. Қамалға жақын жерде шағын мейрамхана да бар.