Шөлдегі отель

Шөлдегі отель

Қытайдың Пекин қаласынан 800 шақырым жердегі шөл даладан Lotus атты отель салынатын болды. Отель құрылысы 2013 жылдың наурыз айына қарай жоспарланып отыр. Нысанның жалпы ауданы 30 мың шаршы шақырымды құрайды екен. Lotus Hotel - арнайы болат конструкциялардың көмегімен құмды жерде іргетассыз салынатын болады. Бұл PLaT Architects компаниясының жобасы. 

77

Lotus Hotel - Xiangshawan шөліндегі алғашқы құрылс кешені. Болашақта билік өкілдері туристерге арнап бұдан да басқа нысандар салуды жоспарлап отыр. PLaT Architects компания өкілдерінің айтуынша, жаңадан салынатын отель өзін су және электр энергиясымен қамтамасыз етпек. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com


Б. Қосмағамбет