Барбадос қашықтан жұмыс істейтіндерге 1 жылдық виза береді

Барбадос қашықтан жұмыс істейтіндерге 1 жылдық виза береді

Карантинге байланысты көптеген мекеме қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге ауысып, кеңсеге баруға міндеттелмейтін болды.

Осы өзгерісті өз пайдасына шешу мақсатында Барбадос елі қашықтықтан жұмыс істейтіндерге бірден 1 жылдық виза беретін болды. Латын Америкалық колоритке бай мекен әрі әнші Рианнаның туған жері ретінде танылған Барбадос үкіметі мұны туризмді дамытуға керемет мүмкіндік ретінде көріп отыр. 12 шілдеден бастап ел шекарасы ашылды. Ал туристерге ел территориясында 12 айға дейін өмір сүруге рұқсат етілді. Бұл шешім туристік бизнесті жандандыру үшін қабылданды. Және ел экономикасын осы арқылы реттеу көзделген. 

Премьер-министр Миа Мотлидің айтуынша, коронавирус жағдайында қысқа мерзімді сапар жасау жөн емес, ал бір жылдық виза адамдардың қауіпсіздікте болуына мүмкіндік береді. Барбадоста осыған дейін 98 адам коронавирус жұқтырып, 7 өлім оқиғасы тіркелген. 

Мемлекет басшылығы жақында визаны қалай алуға болатыны туралы толығырақ мәлімет береді. Оған жұмыс туралы анықтаманың қажет не қажет емес екені әлі айтылмаған, бірақ басты шарт: коронавирусқа тапсырылған сынақ нәтижесінің теріс болуы. Ол (ауру деңгейі төмен елдерде) ұшудан бір апта бұрын немесе 72 сағат ішінде (егер елде жаңа жағдайлардың саны соңғы 7 күнде 10000-нан асса) тапсырылған болуы керек. Сынақты елге ұшып келгеннен кейін де тапсыруға болады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты