Ең бақытты адам өмір сүретін ел қандай?

Ең бақытты адам өмір сүретін ел қандай?
Фото: google.kz

Дания – Еуропаның ең кәрі мемлекеті. 1000 жылдан астам уақыт монархиялы басқару үлгісімен келе жатқан патшалықта 444 арал бар, оның тек бар болғаны 72-сінде ғана адамдар өмір сүреді. Ал туы – әлемдегі ең ежелгі байрақтардың бірі. Тағы басқа қызық деректер білгіңіз келе ме?

Дания Еуропалық Одақтың құрамына кірмейді және өз валютасын қолданады. Дат кроны – ең көне қағаз валюталардың бірі.

Ең кең таралған көлік – велосипед. Велосипед саны көліктен екі есе көп. Кез келген жерге жауын-шашынға қарамай-ақ шайтанарбамен барады. Ауа райы демекші, мұнда әр екі тәулік сайын жауын жауады. Демек, жылына 176 күн жаңбыр астында жүреді. 

Данияның қай жеріне барсаңыз да теңіз толқынын тамашалай аласыз. Сол себеп болуы керек, әр екінші дат суға жүзе алады. Сонымен қатар, суда жүзу мәдениеті мектеп қабырғасынан бастап үйретіледі. Мемлекеттік мектептерде бұл жүзу сабағы міндетті пәндер қатарына енген. 

Даттар Skype және Lego құрастырғыштарын ойлап тапқан. "leg godt" тіркесі тура мағынасында "жақсы ойна" деп аударылады. Қызығы сол, 1949 жылы бұл компания алғаш рет ағаш ойыншықтар жасап шығарған. 60-жылдары жасалған құрастырғыш элементі қазіргі Лего-бөлшектермен жалғана береді. 

Дания елі әйелдердің өмір сүруіне қолайлы мемлекет атанған. Данияда еркектер мен әйелдердің құқығы барлық салада тең қорғалған: денсаулық сақтау, білім алу, экономика, саясат.

Данияда түрмеден қашу қылмыс саналмайды, ұсталған қашқынға артық жаза да қолданылмайды, ол бар болғаны берілген мерзімді өтеп шығады.

Ал педофильдерді бұл елде қылмыскер емес, психикалық ауру деп есептейді. Демек, оларды жазаламайды, оларға медициналық және психологиялық, психикалық ем-дом жүргізеді.

Бұл Копенгагендегі Tivoli (Тиволи) саябағы, әлемдегі ең ескі саябақ. Бірде өнерді жоғары бағалаушы танымал тұлға Тиволи саябағын аралап келе жатып, Америкада да осыған ұқсас бақты ашуды жөн көреді. Бұл саябақ бүгін Диснейлэнд деп аталады және Францияда да ашылған. 

13 Нобель сыйлығының иегері – осы Даниядан. 5 миллион халқы бар Дания үшін бұл үлкен көрсеткіш. 

Даниядан кеңінен таралған есімдердің бірі – Ганс. Ганс демекші Ганс Христиан Андерсен жазу кезінде жиі қате жіберген екен. Шығармасын баспаға апармас бұрын өзгелерге көшіртетін болыпты. Оған қоса, Ганс өзімен бірге "болмайтын дүниелерді" тасып жүрген. Әсіресе, арқан жіпті жанынан тастамаған. Ол жүрген ғимаратта өрт шыға қалса, сол арқан жіппен "өзімді құтқарам" деп сенсе керек. 

Данияда нан пісіру әдісі жақсы дамыған. Сіз әрбір бұрыштан тәтті тоқаштар сататын дүкендерді кездестіре аласыз. Кез келген даттыққа жолай қалсаңыз, өзінің сүйікті тоқаштарын, бәліштерін айтып, қай жерден табуға болатынын көрсетіп береді. Тәттіге деген құмарлық басым болғанымен, артық салмақтан зардап шегетін даттықты көрмейсіз. Бұл салауатты өмір салтын жақсы ұстанудан болу керек.

Даниялықтардың басым бөлігі таңғы 08.00-ден түскі 16.00-ге дейін жұмыс істейді.

Дүкеннің көпшілігі сағат 17.00-18.00-де жабылады. Адамдар да осы тәртіпке үйренген. Дүкен қанша ұзақ жұмыс істеген сайын, соншалықты көп салық төлейді.

Г. Берік