Оңтүстік Корея: Пусанға жолыңыз түссе

Оңтүстік Корея: Пусанға жолыңыз түссе
Фото: orangesmile.com

Оңтүстік Корея — соңғы онжылдықта туризм саласы қарқынды дамыған Шығыс Азия мемлекеті. Оған себеп  Кореяның түрлі сала бойынша қалыптастырған имиджі. Корей тағамдары, музыкасы, сәні, киноиндустриясы, косметика саласы мен медицинасы әлем назарын өзіне аудартып қана қоймай, өмір сүрудің қымбаттылығына қарамастан жыл сайын қыдыруға келетін тұрақты туристерді қалыптастырды. 

Оңтүстік Корея десе бірден есімізге астанасы Сеул, Чеджудо арал мен Пусан портты қаласы еске түседі. Бүгін Пусан қаласына жолыңыз түскен жағдайда, баруға тиісті бес аймақты көрсететін боламыз.

Хэундэ аралы (해운대 해수욕장)

해운대해수욕장 - 위키백과, 우리 모두의 백과사전

Жағажай аймағында жыл бойына түрлі шаралар мен фестивальдар өтеді. Сонымен қатар, жыл сайын қыста корейлер ерекше атап өтетін толған ай күні (Чонволь Тэборым) мен жүзуден жарыс өтеді. Теңіз фестивалі, құмды мүсін көрмелері мен түрлі ойын-сауық шаралары өтеді.

Хэдон Ёнгунса ғибадатханасы (해동 용궁사)

해동용궁사 - 위키백과, 우리 모두의 백과사전

Хэдон Ёнгунса ғибадатханасы Пусанның шығыс жағалауында орналасқан. Бұл — теңіз жағалауында орналасқан Кореядағы аз ғибадатхананың бірі. Хэдон Ёнгунса 1376 жылы Корё патшалығы кезінде құрылған. Өзінің сәулетімен танымал ғибадатхананы   108-сатылы баспалдақ пен Хэмачжи Пави жартасы одан әрі ерекшендіреді. Бұл жерде күннің шығуын тамашалауға болады. Көктемде шие ағаштары гүлдесе, Будданың туған күнінде кешкісін шамдар жағылып, ғибадатхана сиқырлы патшалыққа айналады.

Сондо жағалауы (부산 송도해수욕장)

Канатная дорога на Songdo Beach, Busan - YouTube

Пусан қаласының орталығынан небәрі 3 километр арақашықтықта орналасқан Сондо (Busan Songdo Beach) жағажайы 1913 ашылды. Кореядағы алғашқы қоғамдық жағажай аталған. Жағажайға барғаннан кейін міндетті түрде екі саябақты қосатын теңіз үсті қанатты жолы арқылы серуендеуді ұмытпаңыз. 

Камчон мәдени аймағы (부산 감천문화마을)

甘川洞 文化村(감천문화마을),Korea | kc ma | Flickr

Камчон мәдени аймағы тау жотасында орналасқан үйлерден тұрады. Үйлердің алуан түсті болуы ерекше әсер қалдыратындықтан, халық арасында оны Пусанның Мачу-Пикчуі деп атайды. Туристер тур арқылы түрлі тематикалық үйлерді, сәулет ғиматтарын аралай алады.

Тхэджондэ саябағы (태종대)

Парк Тхэджондэ достопримечательности, что посмотреть — YouRoute

Саябақ жартасты аймақта орналасқан. Жартастың жоғары аймағы арқылы теңіз толқындарын тамашалауға болады. Саябақ мәңгі жасыл ағаштар өседі, одан бөлек әйгілі шамшырақ орналасқан.  Саябақта сирек кездесетін түрлі өсімдіктер бар.

Т. Есқали