Дүниежүзілік туристік ұйым: Саяхатшыға қойылатын жаңа талаптар

Соңғы кездері карантинде болған елдер шекараларын аша бастады. Осыған орай Дүниежүзілік туристік ұйым карантиннен кейінгі саяхаттау ережелерінің жиынтығын дайындады.

Атап айтқанда, адамның COVID-19 вирусын жұқтырмағанын немесе вирус жұқтырғанын және оған қарсы иммунитеті бар екенін растайтын санитарлық паспорт жобасы. Бұл туралы аталған ұйымның бас хатшысы Зураб Пололикашвили грузиялық «Имеди» телеарнасында айтты. 

Сондай-ақ, ұйым туристер қонақ үйде сақтауы тиіс шарттармен жұмыс жасайтынын, гигиеналық ережелер мен мұражайларда, саябақтарда және басқа да адам көп жиналатын жерлерде өзін-өзі ұстаудың басқа да стандарттарын әзірлеп жатқаны туралы хабарлады. Сондай-ақ Дүниежүзілік туристік ұйым арнайы «Үйден үйге» хаттамасын шығарады. Онда әуежайдағы тексерулер тәртібі нақты көрсетілген. 

Бөлісу: