Онлайн саяхаттау үшін

Онлайн саяхаттау үшін
Фото: apkpure.com

Әлемдегі жағдайға байланысты әзірге шетелге шығу мүмкіндігі жоқ. Дегенмен сандық ғасырдың беретін мүмкіндіктері артқаны сонша, қазір үйден шықпай-ақ саяхаттауға болады.  

AIRPANO.RU

Сферические aэропанорамы, фотографии и 360° виртуальные туры самых ...

Ресейлік AirPano жобасы — 2000-нан астам әлемнің түкпір түкпіріндегі өнер туындыларының панорамалық фото жиынтығы. Бұл жерде Чад Нджамена үстімен ұшып, Виктория сарқырамасын тамашалауға болады. Суреттер тек сапалы ғана емес, танымдық мәні де зор. Жобамен айналысқан жастар елдегі басты көрікті орындарды белгілеп, фото галереямен толықтырған. Одан бөлек, музыкалық сүйемелдеу де бар.  

EARTHCAM.COM

EarthCam - Times Square Panorama

Онлайн алаң дәл қазіргі сәттегі қалаларды сырттай бақылауға мүмкіндік береді. Флоридадағы Ки Вест қаласына барып, Нью-Йорктегі шулы Times Square-ді көруге болады. Одан бөлек,  EarthCam ірі құрылыс орындарын сырттай бақылауға септігін тигізеді.

360CITIES.COM

360º Video Gallery | 360Cities

Бұл сайтта кез келген жолаушының жолы түсе бермейтін қалалар мен ең көрікті жерлердің панорамалық суреттері жинақталған. Кейбір суреттердің сапасының жоғары болғаны сонша, барлық кішкентай бөлікке дейін анық көрінеді. 

GOOGLE ARTS&CULTURE

Google Arts and Culture – Qled.com.ua

Google компаниясы ұсынған жаһандық жоба 1200-ден астам әлем мұражайларын біріктірген. Өткен және бүгіннің шеберлерінің туындысын жақыннан еш қиындықсыз қарауға болады. 

Т. Есқали