Грета Тунбергтің Атлантикаға саяхаты туралы деректі фильм шығады

Грета Тунбергтің Атлантикаға саяхаты туралы деректі фильм шығады
Фото: vk.com

Әлеуметтік желілерде Грета Тунбергтің Атлантикаға саяхаты туралы деректі фильмнен үзінді жарияланды.

Шағын видео материалды Райли Уителум және Элайна Караусу есімді аустралиялық ерлі-зайыпты өз Youtube каналдарына жүктеген. Олар жас эко белсенді мен оның әкесін қайыққа отырғызып БҰҰ конференциясына алып барған болатын.

Олар шамамен 3200 миль жүріп өткен. Аустралиялық жұп Гретамен жақын танысқанға дейін де теңіз жағалай саяхаттауды әдетке айналдырған. Олар алдағы уақытта да түрлі видео материал жүктейтіні айтты.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Грета екінші рет бейбітшілік саласы бойынша "Нобель" марапатына ұсынылып отыр. 

 

Т. Раушанұлы