The Telegraph: Қазақстан туризмі қарқынды дамып келеді

Қазақстан әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан туристік бағыттар тізіміне енді. The Telegraph түзген рейтингінде елімізге келетін туристер саны 10%-ға жеткен.

"Өткен жылы Өзбекстан әлемнің 45 мемлекетінің, оның ішінде Ұлыбританияның азаматтары үшін 30 күнге визасыз кіруге рұқсат берген. Қазақстан да туристер көп келу үшін елге кіруді оңтайландырды. Бұдан бөлек, соңғы жылдары бұл аймақ көптеген газеттер мен туристік журналдарда көп аталды. Оған қоса 2018 жылы британиялық актриса Джоанна Ламлидің "Жібек жолы" фильмінде көрсетілді", - деп жазады The Telegraph. 

Рейтингінің көшінде бұрынғыша Франция тұр. 2019 жылы Францияға 89,4 миллион турист келген. Екінші орынға орналасқан Испанияға келушілердің саны 1,2%-ға өсіп, 83,8 миллон адамға жеткен. 7,4%-ға өскен Қытайдың жағдайы 2020 жылы елдегі коронавирус індетіне байланысты күрт нашарлауы мүмкін.

Көптеген туристік басылымдардың мәліметінше, соңғы жыдары Орта Азиядағы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан секілді елдерге келушілердің саны күрт өсіп келеді. Өзбекстанға келуші туристердің көрсеткіші 117%-ға, Қырғызстан - 55%-ға ал Қазақстан 10%-ға өскен.

"Орта Азияның ерекше романтикасы бар. Бұл аймақ туристердің орталығына айналатын-айналмайтыны белгісіз. Туристерді қызықтырған жаңа бағыттың ашылды", - деп жазды NZ Herald басылымы.