Лондонда ірімшік жақсы көретіндерге арналған қонақүй ашылды

Лондондық Café Rouge мейрамханалар желісі қонақүй бөлмесі түріндегі поп-ап-кеңістік ашты.

Онда қабырға мен жиһазға дейін ірімшік суреттерімен әрленген. Жуынатын бөлмедегі сабынның өзі аталған сүт өнімінен жасалған екен.


"Ірімшік – британиялықтардың сүйікті асы. Оны сүйіп жейтіндерге арналған қонақүй бөлмесі өте ерекше. Қалаған адам осы бөлмеде тұрып-ақ біздің мейрамханадан кез-келген ірімшік қосылған тағамға тапсырыс бере алады", - деді Café Rouge мейрамханасының маркетинг бойынша директоры Жаклин Флетчер.

Бөлісу: