Жапонияда алтыннан жасалған шырша сатылуда

Жапонияда алтыннан жасалған шырша сатылуда

Жапониядағы әшекей бұйымдарын сатумен айналысатын дүкен сатылымға "VIP-шырша" шығарды. Бұл "өсімдіктің" құны 4,2 миллион долларға бағаланып отыр.

Конус пішініндегі биіктігі 2,4 метр, диаметрі 1,2 метр шыршаны құрастырып шығу үшін 40 килограмм таза алтын пайдаланылыпты.

Жаңа жылдық аксессуардың тағы бір ерекшілігі оның өне бойында Уолт Дисней мультфильмдерінің персонаждары ойылып салынған.

ва

а

см

Бұны қымбат көретін жандар үшін 243 мың доллар тұратын 25 сантиметрлік кішкене шырша да сатылуда. Бұл қолөнер бұйымына да мультфильм персонаждарының суреттері салынған.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: sonata.livejournal.com, ria.ru