Стамбұл әуежайында туристерді жазуы бар тақтамен күтіп алуға тыйым салынды

Стамбұл әуежайының басшылығы әуежайда қонақтарды кеден бақылау аймағында тұрып күтуге тыйым салды.

Қабылданған жаңа ереже бойынша фирманың не туристің фамилиясы жазылған тақтайша ұстап тұруға болмайды. Бұл ережені бұзған жағдайда 48 еуро айыппұл төлеу керек. Күту алаңында жеке адамдар ғана, мысалы туыстары, жақындары тұра болады.

Ұшақпен келетін қонақтарды күтіп алу үшін туристік операторларға 50 адам сыятын арнайы зал берілді. Оған кіруге 4 еуро төлеу қажет. Туристердің санына қарай компания бұл бағаны төмендетуі де мүмкін.

Жергілікті мамандардың айтуынша, ыңғайсыз әрі былыққан логиситика кесірінен енді келетін туристерді қарсы алу 1,5-2 сағатқа созылатын болды.

Түрік агенттіктер ассоциациясы мұны "Түркияға келетін туристерге соққы болды" деп бағалады. Алайда ұйым туристердің қауіпсізідігі үшін осындай шешімге келгенін айтады. Әсіресе арнайы сүйемелдеумен келген егде жастағы адамдарға және шет тілін білмейтін адамдар үшін бұл оңтайлы шешім болғанын білдірді.

Бөлісу: