Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Саяхат үшін жаралғандарға арналған мамандықтар

Саяхат үшін жаралғандарға арналған мамандықтар

Саяхат үшін жаралғандарға арналған мамандықтар

Ел көріп, жер көріп, танымын кеңейткісі келетіндер саны жылдан жылға артып келеді. Шетелге бару да бұрынғыдай орындалмас арман секілді көрінбейді. Алайда отбасы бақытынан, мансаптан бұрын саяхаттауды өмірінің мәні санайтын адамдар да бар. Олар саяхаттауға арналған мамандықты таңдап, өмірін түбегейлі сол бағытпен байланыстырса, барлығын қатар алып жүруге де болады.

Аудармашы
Бірнеше тіл білетін тәржімалаушылар саясаткерлермен, кәсіпкерлермен, инвесторлармен жолсапарға шығып, тіл білмейтін қызметкерлерге көмекші боп жүреді. Бір жағынан өздері де саяхаттайды. Көп тіл білетін болса, баратын мемлекет ауқымы да кеңейе беретіні белгілі. Бұл қызмет түрімен шектеліп қалмай, педагогикадан хабары бар болса, мектепке мұғалім боп орналасуға да болады.

Археолог жер қойнауының түкпірінде жасырынып жатқан құпиялардың сырын ашу үшін түбіне түсіп зерттейді. Географиялық тұрғыдан қарағанда зерттеу объектісі аз емес. Шөл даладағы фараондар, алғашқы адамдардың пайда болуын зерттесе, енді бірі үшжақты мәдениеттің, пиармидалардың қыр-сырына үңіледі. Нені зерттейтін болсаңыз, сол жаққа баруыңыз керек.

Геолог та қазу жұмысымен айналысады, бірақ басқа жағынан. Бірі Жер-ананың ішкі процесін зерттесе, енді бірі қазба байлықтар іздейді. Бұл жерде де сіздің қызығушылығыңызды туғызған нәрсе қай жерде орналасқанын алдын ала ойластыру керек.

Зерттеуші ғалым көптеген ғылым саласынан кездесетін қызмет. Оның ішінде біреуі микроскоппен бактерияларды зерттейді, бірі түрлі құрлықтан көбелек аулайды. Көбіне зоологиялық, ботаникалық жұмыстар саяхатпен тығыз байланысты – сирек кездесетін түрлер, миграцияны зерттеу.

Дипломат не жоғары дәрежедегі саясаткер көптеген адаммен, ұйымдармен байланыс орнатуы керек, түрлі саммитке барып, конференцияларға, халықаралық деңгейдегі мерекелік шараларға қатысады. Бірақ ол үшін біраз сатыны аттап өтуге тура келеді.

Жоғары қатардағы телеарна не басылым тілшісі маңызды әлемдік шараға жолсапарға жіберілуі мүмкін. Ал ел ішіндегі түрлі мекенді аралау туралы айтпай-ақ та қоюға болады. Жаңалық бағытындағы тілші болса өмірі жол үстінде өтеді.

Фотограф репортер не көркем фотосурет түсіруші болуы мүмкін. Соңғылары көбіне журналдармен, сайттармен серіктес боп жұмыс істейді. Кейбірі жұмыстарын фотокөрмеге қояды, осылай да жақсы табыс көзіне айналдыруға болады. Әсіресе National Geographic секілді  әлемдік танымал журналдарда жұмыс істесе, жолының болғаны: саваннаға жарты жылға жолсапарға жіберіп қояды, сол жерде жирафтарды суретке түсіріп жүріп-ақ табыс тауып жатасыз. Экстрим де жетеді.

Жазушы – бұл да саяхатты жақсы көретіндер үшін қолайлы жұмыс. Бұл жерде тәуекелге бел байлау керек. Жазушы алдымен әлемді шарлауға жіберіледі, содан кейін көрген-білгенін көркемдеп қағаз бетіне түсіруі керек. Одан кейін бұл қаншалықты сәтті шығатынын күтеді.

Саяхат туралы бағдарлама жүргізушісі – қызықты жұмыс. Олар әлемнің ең қызықты мекендерін іздеп, қызықты тарихынан сыр шертеді, үнемі түрлі оқиғаға тап болады. Бұл айтар ауызға оңай болғанымен, кейде тіпті өмірлеріне қауіп төнетін жағдайлар да кездеседі. Алайда экран ар жағынан қандай жағдай болса да іштен тынып, түк білдірмей күліп тұрған адамды көреміз.

0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 25 қараша 2019, 17:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->