Авиация рекорды: Әуеде ең ұзақ болған жолаушылар ұшағы

Авиация рекорды: Әуеде ең ұзақ болған жолаушылар ұшағы
Фото: CNN

Аустралияның Qantas авиакомпаниясы азаматтық авиация тарихындағы Лондон-Сидней рейсімен ең ұзақ тұрақты рейсті жүзеге асырды. Бұл туралы CNN хабарлады.

Boeing 787-9 Dreamliner ұшағы сынақ ұшу кезінде әуеде 19 сағат 19 минут болып, 17,8 мың шақырымды тоқтаусыз ұшып өткен. Осылайша бірден екі әлемдік рекорд орнатылды: қашықтық және уақыт бойынша ең ұзақ коммерциялық рейс.

Ұшақ Лондон Хитроу әуежайынан 14 қарашада сағат 18-де әуеге көтеріліп, Германия, Ресей, Польша, Беларусь, Қазақстан және Қытай арқылы ұшқан. Содан кейін ол оңтүстікке бұрылып, Филиппин мен Индонезияны айналып өткен.

Боинг 787-9 ұшағы 256 жолаушыға есептелген болса да, бортта 50 адам, оның ішінде төрт ұшқыш болған. Жолаушылар рейсте екі рет таң атуын бақылаған.

Т. Раушанұлы