Жеңілдікпен ұшыңыз! Қазақстанда Жаңа жылдық жаппай сатылымдар басталды

Жеңілдікпен ұшыңыз! Қазақстанда Жаңа жылдық жаппай сатылымдар басталды
Фото: vk.com

SCAT авиакомпаниясы мен Tickets.kz  онлайн-трэвел-агенттігі  VISA  төлем жүйесінің қолдауымен түрлі бағыттарға 20 проценттік жеңілдіктер ұсынып отыр. SCAT авиакомпаниясының маршруттар Қазақстанның ірі қалаларын байланыстырып қана қоймай, жақын шетелге де ұшу мүмкіндігін береді. Аталған әуе көлігі тасымалы жыл сайын еліміздің үздік авиакомпаниялары тізіміне еніп келеді.

Қазақстан туристер демалыс кездерінде ғана емес, маусымаралық кезеңдерде де саяхат жасау динамикасымен таңғалдырып жүр. Жуырда Жаңа жылдық мерекелер басталады, ал бұл туған-туыспен сағынысып қауышатын, немесе көптен армандаған еліңізге сүйгеніңізбен бірге аттануға мүмкіндік беретін кез. Мұндайда авиабилеттерге тосын жеңілдік жасалғаннан асқан қандай керемет жаңалық болуы мүмкін? Бұл тек шытырман оқиғаға толы сапарға аттануға ғана емес, сонымен қатар тиімді үнемдеуге сәтті сылтау болмақ.

Бүгіннен бастап мынадай ішкі бағыттарға билет сатып алуға болады:

Алматы - Нұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан - Шымкент
Атырау - Нұр-Сұлтан
Алматы - Шымкент
Нұр-Сұлтан - Өскемен

Бұдан бөлек,  SCAT авиакомпаниясы қазақстандық туристер арасында танымал мынадай бағыттар бойынша тиімді билет бағасын ұсынады:

Нұр-Сұлтан - Прага
Шымкент - Стамбул
Ақтау - Тбилиси

2019 жылдың 1 қарашасы мен 31 желтоқсаны аралығында Tickets.kz онлайн-трэвел-агенттігінде билет брондап, оны кез келген банктің VISA картасымен төлеу арқылы сіз билет құнынан 20 проценттік жеңілдікке ие боласыз. Акцияға SCAT авиакомпаниясының ішкі рейстерімен қоса, халықаралық бағыттары да енген. Бұл акция субсидияланған рейстерге жүрмейтінін естеріңізге саламыз. SCAT авиакомпаниясының бағыттарымен және шарттарымен танысу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Жаңа жылға дейін әлі 2 ай бар, десе де бұл сыйлық беруге кедергі емес! Tickets.kz-пен бірге көбірек үнемдеп, жиірек ұшыңыз!

Серіктес материалы

А. Оралқызы