Туризм үшін ең қауіпсіз елдер

Туризм үшін ең қауіпсіз елдер
Фото: vk.com

Туристік сапар үшін ең қауіпсіз елдер қайсы? Дүниежүзілік экономикалық форум  (WEF) жариялаған The Travel and Tourism Competitiveness Report 2019  рейтингінің нәтижесі шықты. Алаңсыз саяхаттап баруға болатын қауіпсіз елдер тізімінің көш басында Финляндия тұр.

Ал екінші орынға Исландия, үшінші орынға Оман жайғасқан. ТОП-10-ға Швейцария, Гонконг, БАӘ, Люксембург, Португалия және Жаңа Зеландия кірді.

11-20 орын аралығында Катар, Эстония, Жапония, Австрия, Словения, Испания, Норвегия, Чехия, Австралия және Бруней тұр.

Ал туристер үшін ең қауіпті елдер рейтингінің тізіміне Сальвадор, Нигерия, Йемен, Венесуэла және Гондурас енген. Рейтингте полицияның сенімділігі, адам өлімінің саны, терактілер мен терроризм әрекеттері, қылмыс пен зомбылықтың деңгейі есепке алынған.

А. Қажиев