Жабайы табиғатта саяхаттауға ең қолайлы елдер

Жабайы табиғатта саяхаттауға ең қолайлы елдер
Фото: trueluxury.travel

True Luxury Travel халықаралық агенттігі жабайы табиғатта саяхаттауға ең қолайлы елдер рейтингін жариялады. Көш басында – Финляндия.

- Біздің сараптама жұмыстарымыздың нәтижесі бойынша Финляндия жабайы табиғатта саяхаттауға таптырмас ел болып шықты. Экологиялық тазалық көрсеткіші жоғары, табиғаты ғажайып әрі сенімді қорғалған, - деп жазылған агенттік зерттеуінде.

Рейтингті түзу кезінде елдердегі ұлттық парктер саны, "Қызыл кітапқа" енген жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі қорғалуы, мемлекеттің табиғатты қорғаудағы жобалары басты назарға алынған.

Жабайы табиғатта саяхаттауға ең қолайлы елдер рейтингінің алғашқы ондығына Швеция, Бразилия, Канада, АҚШ, Норвегия, Испания, Германия, Польша және Словения енген. Барлығы 60 мемлекет көрсетілген.

Н. Үсенова