Карталар, ақша, чемодан. Ақшаңызды шетелге сапар жасау үшін қалай дайындау керек?

Карталар, ақша, чемодан. Ақшаңызды шетелге сапар жасау үшін қалай дайындау керек?

Танымал қазақстандықтар қаржы мәселесіне байланысты өздерінің қызық оқиғаларымен бөліседі.

Саяхат кезінде ақшасыз қалып қалмау үшін не істеу керек?

Кез келген туристе үрей туғызатын басты нәрсе – туған елінен шалғайда жүрген уақытта ақшасыз қалу. Өзіңізді осындай жағдайдан сақтандыру үшін не істеу керек және осындай жағдайға тап болған қазақстандық актер, блогер мен журналист қандай шара қабылдаған?

Ерден Телемисов, актер:

"Кезінде мені көршілес мемлекетке түсірілімге шақырды. Кірген уақытта мен тіркеу бланкісін толтырып, онда өзіммен бірге алып шыққан қаржымды көрсеттім. Түсірілім аяқталған соң мен доллар арқылы қолма-қол ақшамен қаламақы алдым және ол мемлекеттен шықатын уақытта мен ниеті таза адам ретінде қолымдағы тұтастай ақша сомасын дұрыс көрсеттім. Мені бірден кеден қызметкерлері ұстап алып, ақшамды тәркілеп алмақ болды. Олар менің елден ақша шығаруыма тыйым салатын кейбір ережелердің бар екендігін алға тартты. Соңында мәселе оң шешімін тапты. Мен өзімнің барлық актерлік шеберлігімді салып, кеден қызметінің басшысын өзім түскен жобаның екі ел үшін де маңызды екендігіне және бұл ақшаны менің қандай жолмен тапқандығымда заңсыз нәрсенің жоқ екендігіне сендірдім".

АТФБанктен лайфхак

Шетелде проблемалардың алдын алудың ең дұрыс жолы – қомақты сомада қолма-қол ақша ұстамау және сапар алдында қандай соманың мағлұмданатындығын нақтылап алу. Егер сіз шетелде жұмыс істейтін болсаңыз, онда өз қызметтеріңіздің ақысын қолма-қол ақшамен емес, қаражатты картаға қолма-қол ақшасыз аудару арқылы төлеу туралы өтініш жасаңыз. №1 вертикалды карта басқа банктерден кез келген соманы тегін аударуға және дүние жүзінің кез келген елінде 300 мың теңгеге дейінгі балама ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, АТФБанктің мультивалюталық картасымен доллар, еуро, теңге мен рубль арқылы есеп айырысуға болады, ал ATF-24 интернет-банкингі валюталарды айырбастау кезінде ұтылып қалмауға көмектеседі.

Евгения Морозова, журналист:

"Үш жыл бұрын мен бірнеше айға Брюссельге кеттім. Мен бұл сапарға мұқият дайындалдым: барлық құжат, рұқсатнама, картадағы жайлы өмір сүруге қажетті қаражат, алғашқы уақытқа қажетті қолма-қол ақша. Бір күні қолма-қол ақшам таусылып, мен өз картамдағы ақшаны шығара алмай қалғанымда таңғалдым. Оның қолданыс мерзімі өтіп, банк маған Қазақстанда жаңа пластик карта шығарып қойған. Бір жақсысы, мен сапарда жалғыз болмағам, сондықтан да аш қалмадым. Бірақ уақыттан соң мен ақшалай аударымды алып, қалыпты өміріме қайта оралдым. Бірақ осы жағдайдың арқасында мен сапарға шығар алдында картаның қолданыс мерзімін тексеріп алу керектігін түсіндім".

АТФБанктен лайфхак

Осындай жағдайларға тап болмау үшін негізгі картаға қосымша шот жасау мүмкіндігін беретін банктік пластикті таңдаңыз, оны форс-мажор жағдайы орын алған уақытта пайдалануға болады. Мұндай опция №1 вертикалды карталарды ұстаушылар үшін қолжетімді. Сапар үшін дайындаған ақшаңыз жеткіліксіз болып қалатын жағдайда, қосымша шотқа қолжетімділіктен бөлек ATF-24 интернет-банкингі арқылы сіздің депозитіңізден онлайн-аударымды да пайдалануға болады. Және, ең бастысы, қауіпсіздік жайлы естен шығармаңыз – шетелде қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне ие, яғни чип, 3D-пароль және әрбір операцияны SMS түрінде растаумен бірге карта қажет болады.

Алексей Алексеев, блогер:

Мен демалу үшін, кейде жұмыс барысымен шетелге жиі шығамын. Сондықтан болар өзім үшін қаржылық ережелер жиынтығын жасап алғанмын: біршама қолма-қол ақшамен жүру – кофе ішу, такси, магнит сатып алу, әртүрлі жағдай үшін. Екі карта болуы керек және олар екі түрлі төлем жүйесінен болуы тиіс; карта мультивалюталы болуы қажет және автоматты түрде кез келген валютаға айырбасталуы керек, дүние жүзінің кез келген жерінде қолма-қол ақшаны пайызсыз шығару мүмкіндігіне ие болғаны дұрыс. Осындай картаның шығуы үлкен жаңалық болған. Есімде, мен екі айға Сочиге кеткенімде жалақым картаға түсіп отырған және мен қолма-қол ақшаны ешқандай комиссиясыз ресей рублі арқылы шығарып отырғанмын. Бұл өте қолайлы.

АТФБанктен лайфхак

Банктік өнімді пайдаланып қана қоймай, сіздің ақшаңызды үнемдеуге де мүмкіндік беретін «тартымды бөлшектен» тұратын картаны іздеңіз. Сіздің #1 картаңыздың қолайлы бонусы төмендегілер бола алады:

- дүние жүзіндегі әуежайлардың жайлы бизнес-аймақтарына жылына екі рет тегін кіру;
- автокөліктерді жалға алу , қонақ үйлерді брондау бойынша жеңілдіктер және көптеген басқа да мүмкіндіктер;
- сапар ұзаққа созылатын жағдайда, коммуналдық қызметтер немесе салықтарды төлеу мүмкіндігі;
- ақшаны жай жаратып қана қоймай, пайда таба отырып жұмсауға мүмкіндік беретін 5%-ға дейінгі кэбэк!

Ал, ең бастысы – бұл Қазақстандағы барша қазақстандықтар үшін шын мәнінде қолжетімді болатын Premium санатындағы алғашқы карточкалық өнім. Бар болғаны өтінімді толтырыңыз және өзіңіздің сізге жеткізіп берілетін мінсіз мәртебелі төлем картаңызды күтіңіз.

Серіктес материалы

Massaget