Стивен Кинг саяхаттаса...

Стивен Кинг саяхаттаса...
Фото: esquire.ru

Хоррор жанрындағы фильмдерге нәр берген, қорқыныш пен фантастика әлемінің патшасы, жазушы Стивен Кинг автокөлік арқылы саяхаттауды жөн санайды. 
«Мен ұшаққа қажеттелік туғанда ғана отырамын. Ал, саяхаттау барысында көліктің көмегіне сүйенемін. Көлікте апаттың алдын алуға болады, ал, ұшақтағы ақау өліммен аяқталады», — деп түсіндіреді Стивен Кинг өзінің таңдауын. 

«Мен саяхатты сүйетіндердің қатарына жатпаймын. Тек жан-дүнием қажет деп тапқанда ғана саяхаттаймын. Онда да саяхаттау арқылы ләззат алуға тырысамын».

Атақты жазушы Motel 6 қонақ үйлер желісінің біріне қонақтап, қарапайым дәмханалардан ас ішеді. Саяхатшыларға жазушы мынандай кеңес береді: «Мотельдердің ең түпкі бөлмесін алыңыз. Сонда шуды есту мүмкіндігіңіз азая түспек». 

Ал, өзімен бірге алып кететін заттарға келгенде жазушы аса талғампаздық танытады. Оның чемоданынан сусабын таба алмайсыз. Ал, кейбір заттарсыз жазушы саяхаттай алмайды. 

ыы

                                                                                                                                               Credit: Hiroko Masuike/The New York Times
«Мына ескі чемоданды әйелім жек көреді. Оның тіпті жылжытпалы дөңгелектері жоқ. Меніңше, чемоданға затыңыз сыймаса, оның керегі жоқ». 

iPad 
«iPad арқылы аудио кітаптарды тыңдаймын. Бұл – өте ыңғайлы құрылғы. Тіпті, қараймын деп жоспарлап жүрген фильмдерді жүктеп алуға болады».

Кроссвордтар 
«Өзіммен бірге кроссворды бар журналдарды аламын. Өйткені, оны тек оқып қана қоймаймын, миымды шынықтырамын». 

Кітаптар 
«Өзіммен бірге әркез екі кітап алып шығамын: бірі оқуға, екіншісі бірінші кітап ұнамай қалған жағдайда. Мен оқыған ең керемет кітап – Габриэль Талленттің «My Absolute Darling» атты туындысы». 

Джинс шалбары пен қысқа жеңді жейделер 
«Өзге жазушылар секілді мен үшін де көп адаммен араласу қиындық туғызады. Біз жалғыздықты жақсы көреміз. Сондықтан, не киетініме бола уайымдамауды жөн санаймын. Сондықтан, өзіме ыңғайлы киімді таңдаймын. Оның үстіне джинс пен жейделерді чемоданға салу ыңғайлырақ».

Ал, сіз саяхатта қай затыңызды міндетті түрде алып кетесіз? 

Т. Есқали