Шілде айында саяхаттауға тұрарлық елдер

Шілде айында саяхаттауға тұрарлық елдер

Жаздың алғашқы айы да аяқталып қалды. Дегенмен, әлі де демалыс уақыты жалғасыуда. Қазақстанның әсем қалаларын аралап, енді әлемге саяхаттау жоспарыңызда болса, шілде айында танымалдылығы артып, туристерді еліктеретін аймақтар тізімін ұсынамыз:

Черногория
Картинки по запросу Черногория

Черногорияға саяхаттау үшін Қазақстандықтарға визаның керегі жоқ. Бірнеше жыл бұрын, Черногория Анталияның аналогі саналатын. Бүгінде бұл жер жайлы, тыныш, отбасылық демалыс үшін таптырмас орынға айналды.  

Қайда демаламын: Котор қаласында. Таулардың бөктерінде орналасқан шығанақ жазғы демалысында табиғат аясында кітап оқып, әсем ән тыңдағанды жақсы көретіндер үшін таптырмас орын. Тиват әуежайы арқылы Которға жетуге болады. 

Бағалар: Қонақ үйлерде түнеп шығу шығыны —  €200. Дегенмен, біз пәтер іздеуге кеңес береміз: арзанға шығады, ал тамақты базардан ала аласыз. Ал, жағалауда демалу үшін арнайы жатын орныны екі адамға €10 төлеуіңіз керек. 

Хорватия
Картинки по запросу Хорватия

Бұл жерде “Тақтар ойыны” түсірілгеннен бері, оның танымалдылығы екі есе артты. Егер түсірілім алаңын өз көзіңізбен көріп, орта ғасырдағы қала бейнесін тамашалағыңыз келсе, елдің оңтүстігіне аттаныңыз:

Қайда демаламын: Кварнерде. Егер сіз жайлылықты іздесеңіз Кварнер маңындағы Опатия қаласына бара аласыз немесе көлікті жалға алып Венецияға барып қайтсаңыз да болады. 

Баға: Опатиядан төрт не бес жұлдызды қонақ үйден екі адамдық бөлмені €100 табуға болады. Пәтерлерде сол бағада болмақ.

ИталияКартинки по запросу Италия

Саяхаттап баруға болатын елдер тізімінде міндетті түрде Италия болуы шарт. Италия — өзінің сәнді көшелерімен, әсем бикештерімен және жайлы жағалауларымен танымал. 

Қайда демаламын: Кампанияда. Римге ұшып келіп, көлік жалға аласыз да Калабрияға, кейін Кампаниядағы ұлттық саябақ Чиленто-и-Валло-ди-Дианоні көріп, Неаполь мен Салерно жағажайларының арасында күнге қыздырынуыңызға болады.  

Бағалар: Италияның шағын қалаларын €50 мен €100 арасындағы қонақ үйлер мен пәтерлер табуға болады. Қонақ үйлерде таңғы ас береді, ал пәтерлерде кең бөлмеге жайғасуға болды. Өйткені, Италияның қонақ үйлерінің бөлмесі — өте кішкентай. 

Т. Есқали