Туристер ең көп баратын 20 ел

Туристер ең көп баратын 20 ел
Фото: telegraph.co.uk

Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) 2018 жылы туристер ең көп барған 20 елдің рейтингін жариялады. Бірінші орында - Франция.

Өткен жылы француз еліне 93,2 миллион турист келген. Одан кейін саяхатшылар ең көп баратын тізімде Испания тұр. Өткен жылы бұл елге 82,8 миллион турист барған.

Үздік үштікке АҚШ енген. Бұл елді бір көруге асығатындар өте көп. Өткен жылы 82,2 миллион қонақты қабылдаған. Сондай-ақ, алғашқы бестікте Қытай (62,9 млн) мен Италия (62,1 млн) елдері бар.

Алғашқы ондықта жылдағыдай көп өзгеріс болмаған. Дегенмен соңғы жылдары Түркияға баратын туристер саны артқан. Нәтижесінде UNWTO рейтингінде 6-орынға көтеріліп отыр.

Сарапшылар соңғы уақытта туристерді қай ел қызықтыра бастағаны жайлы да зерттеген. Нәтижесінде Тәжікстан көш бастады. Өткен жылы бұл елге келушілер саны 190 %-ға жоғарылаған. Сондай-ақ, Эквадор (51%), Египет (36,8%), Тувалу (35,5%) және Уганда (31,9%) елдеріне баратындар саны көбейген.  

Н. Үсенова