Бормен салынған суреттер фестивалі аяқталды

Бормен салынған суреттер фестивалі аяқталды

Сарасота қаласында (АҚШ) әлем елдерінен 500-ге тарта суретші қатысқан «Sarasota Chalk Festival 2012» атты онкүндік фестиваль аяқталды. Жыл сайын өткізіліп тұратын бұл шараның биылғы тақырыбы цирк өнеріне бағытталды. 

Атышулы фестивальдің бас ұйымдастырушысы Курт Веннердің өзі 3D-суреттерді бормен салудың хас шебері. Флорида штатының Сарасота қаласында жыл сайын жиналатын суретшілер онда өз өнерлерін көпшілікке жария етіп қана қоймай, бір-бірімен тәжірбие алмасады. Мұндай іс-шарадан соң, жұмыссыз жүрген суретшілердің жаңа жұмысқа қол жеткізуі де ғажап емес.

 Қала көшелерінде салынған мына суреттер нағыз өнердің қандай боларын дәлелдеп тұрғандай.

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: re-actor.net

А. Әбілхан