Британдық мысықты қорлағаны үшін сотталып кетті

Британдық мысықты қорлағаны үшін сотталып кетті

Ұлыбританияда мысыққа қорлық көрсеткені үшін азаматты соттап жіберді. Жануардың иесі оны киім кептіруге арналған аппараттың ішіне қамап қойып, құрылғыны қосып кеткен.

2012 маусымында британиялық Хантингдон қаласының тұрғыны Алан Стотон жергілікті интернет-форумға мысықты қалай кептіргендігі туралы роликті салған. Видеода байғұс мысықтың 12 секунд бойы қорланып, байшара халге енгендігі көрсетілген. Nitroazza атты қолданушы онысымен қоймай, еш саспастан қолданушыларды роликті көруге және осы туралы сұхбат құруға шақырған. Бірақ жұртшылықтың оның бұл ісіне наразылығын білдіруі жиіліп кеткен кезде қолданушы видеоны сайттан алып тастаған. Дегенмен өте кеш. Форум қолданушыларының бірі сайт бетінің скриншотын түсіріп алып, суретті жануарларды қорғау ұйымына тапсырған. Осылайша британдықты 56 күн түрмеге жабу шешілді. Сонымен қатар, сот шешімі бойынша Стотонға өмір бойы жануар асырауға тыйым салынды.

Ханшайым атты мысық кір мәшинесінде көрген азабының себебінен тісін сындырып, тілін жарақаттап алған. Тергеушілердің айтуынша, мысық Стотонның өзінікі емес, дос қызының асыранды жануары екен.

Ақыры не керек, мысық өзінің бұрынғы үйін, қылмыскер өз орнын тапты.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: archant.co.uk