Нұр-Сұлтаннан Алматыға 7000 теңгеге ұшып баруға болады

Нұр-Сұлтаннан Алматыға 7000 теңгеге ұшып баруға болады
Фото: tengrinews.kz

FlyArystan Нұр-Сұлтаннан Алматыға 7000 теңгеге рейстерді ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 2019 жылы 1 мамырда сыйымдылығы 180 орны бар реактив Airbus A320 әуелайнерлері Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұша бастайды. 

Қазақстандықтар арасында танымал бағыт бойынша тарифтің ең төменгі құны бір жаққа 6 999 теңгеден басталады. Билеттерді брондау компанияның сайтында қолжетімді.

"Біз күн сайын ең қолжетімді бағамен жүзеге асыруға дайын отандастарымыздың арасында күтілетін әуе қатынасы болады деп сеніммен айтуға болады. Бұдан былай Елордаға 6 999 теңгеге екі сағаттан аз уақытта ұшып келу мүмкін болады, тек бизнесмен ғана емес, сонымен қатар қарапайым студентке де мүмкіндік туады. Сондай-ақ, біз осы бағыттың арқасында еліміздің оңтүстік және солтүстік аймақтарының әдемі табиғатын көргісі келетін қазақстандықтар арасында жергілікті туризмді дамытуға өз үлесімізді қосамыз деп үміттенеміз", - деді FlyArystan сату және маркетинг жөніндегі директоры Жанар Жайлауова.

FlyArystan өзінің барлық жолаушыларына шарттары авиакомпанияның ресми сайтында егжей-тегжейлі сипатталған тарифтер ережелерімен мұқият танысуды ұсынады.

Осыған дейін, FlyArystan әуекомпаниясы Алматыдан Таразға дейін 2019 жылдың 1 мамырына жоспарланған алғашқы рейске билет сатыла бастағаны хабарланған.

Сапар ұзақтығы 60 минут болатын біржақты билет құны әуежай алымдарымен қоса есептегенде 4 999 теңгеден басталатыны айтылған. FlyArystan өкілдерінің айтуынша, Алматы-Тараз-Алматы бағытымен 180 орындық, заманауи Airbus A320 ұшақтары күнделікті сапарға аттанады. Осылайша, жаңа әуекомпания осы бағыт бойынша бір жылда 130 мыңнан аса жолаушыны тасымалдайды.

Т. Раушанұлы