Туристер таңдауы: Саңырауқұлақ пішінді ағаш үй

Туристер таңдауы: Саңырауқұлақ пішінді ағаш үй
Фото: vk.com

Калифорния штатының Аптос қаласында орналасқан саңырауқұлақ пішінді ағаш үй Airbnb сервисіндегі ең рейтингі жоғары қонақүйге айналды. Үй қазан айына дейін бір сағатқа да босамайды екен. Әр күні брондалып қойған.

Бұл үйдің ішінде 3 жатын бөлме бар. Көптеген туристерді оның жағажайдан 10 минут жерде орналасқандығы мен купол іспетті төбесі қызықтырады екен. Ағаштардың арасында жалғыз үй болғандықтан қаланың мазасыз тіршілігін ұмыттырардай әсері бар.   

Меншік иелері Китти мен Майкл үйді 2009 жылдан бері жалға беріп келеді екен. Содан бері келушілер қарқыны толастамаған. Оған аталған себептерден бөлек The Forest of Nisene Marks State Park ұлттық паркіне жақындығы да себеп болған. Ағаш үйдің айналасында колибри көп ұшады екен, қожайындар жиі қант қосылған сироп беріп, олардың алшақтап кетпеуін қамтамасыз етеді.

Үй түгелдей ағаш жиһазбен безендірілген, сондай-ақ, кофемашина, попкорнға арналған машина, кішкене мұздатқыш, барбекюге арналған гриль сынды барлық техникамен жабдықталған. Үй тәулігіне $ 130-ға бағаланған.

А. Оралқызы