Ұйықтауға арналған қызықтылау жастық!

Ұйықтауға арналған қызықтылау жастық!

Жастық-түйеқұс —  ұйықтай алмай жүрген жандарға арналған таптырмас өнертабыс. Бұл сізге киім де, төсек те емес. Есесіне, қалаған жерде ұйықтауға мүмкіндік беретін өнертабыс! Мәселен, үстел алдында ұйықтап қалдыңыз? Әңгіме жоқ!

Сіздің басыңыз сыртқа дауыстардан құтылу үшін жастықтың ішінде болады және тұншығып қалмауыңыз үшін арнайы тесіктер жасалған. Креслода отырып та ұйықтай бере аласыз. Ол үшін бірінші кезекте өзіңізге түр-түсі ұнаған үлгісін сатып алу керек.

Сосын барып кез келген жерде, кез келген уақытта мызғып ала алатын боласыз. Және адамдар сізге түсіністікпен қарауға тырысады...

сурет:liveinternet.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига