Ерекше ракурстағы әлемнің кереметтері

Ерекше ракурстағы әлемнің кереметтері

Ұлыбританиялық фотограф Оливер Кертис (Oliver Curtis) Париж, Мәскеу, Иерусалим, Афина, Рио-де-Жанейро, Гизе, Берлин, Ватикан, Лос-Анджелес және басқа қалаларға саяхаттаған. Фотографтың  тарихи орындар мен ескерткіштерді туристерше емес, қарама-қарсы ракурстан суретке түсіретін әдеті бар екен. Бұл әдет кейін танымал жобаға айналды.

Оның Volte-Face суреттер сериясынан Тәж-Махал, Лувр, Рейхстаг, Азаттық мүсіні сияқты атақты нысандардың алдында қандай көрініс бар екенін көруге болады. 

Британдық фотографқа жобаның идеясы 2012 жылы Мысырға барған кезде келген. Ол Гиза пирамидасына арқасын беріп, пирамидаға қарама-қарсы бетті суретке түсіреді. Фотографтың айтуынша, кадрдың артындағы көрініс қашан да қызық. 

Назарларыңызға Volte-Face жобасының таңдаулы суреттерін ұсынамыз.

Азаттық мүсіні, Нью-Йорк, АҚШ

Тәж-Махал, Агра, Үндістан

Рейхстаг, Берлин, Германия

Парфенон, Афина, Грекия

Құтқарушы Иса Мәсіх мүсіні, Рио-де-Жанейро, Бразилия

Мона Лиза, Лувр, Париж, Франция

Күн пирамидалары, Теотиуакан, Мексика

Стоунхендж, Уилтшир, Англия

Ұлы Қытай қорғаны, Мутяньюй, Қытай

Колизей, Рим, Италия