Әлем бойынша саяхаттауға арналған үздік ел анықталды

Жыл сайын World Travel Awards басылымы желтоқсанның басында туристік "Оскарлар" табыстайды. "Әлемдегі ең үздік туристік бағыт" атауын екінші жыл қатарынан Португалия алды.

Бұл атаққа Португалиядан басқа Бразилия, Испания, Греция, Үндістан, Индонезия, Ямайка, Малайзия, Мальдив аралдары, Марокко, Жаңа Зеландия, Кения, Руанда, Шри-Ланка және Вьетнам секілді елдер үміткер болды.

Сонымен қатар, "Туризм бойынша әлем чемпионы" Португалияның өзі, ал астанасы – Лиссабон "Үздік қалалық бағыт" атағына ие болды. Бұл атаққа Лиссабонға қарсылас ретінде тізімге Окленд, Кейптаун, Дубаи, Дурбан, Гонконг, Ханой, Лас-Вегас, Лондон, Марракеш, Нью-Йорк, Париж, Киото, Рио-Де-Жанейро, Сидней және Санк-Петербург қалалары кірген болатын.